Ресей Қазақстанға коронавирусты анықтайтын құралдарды берді

Сонымен қатар, тест-жүйелер Арменияға, Беларусь пен Өзбекстанға да жеткізілді

Фото: Shutterstock

Ресей Қазақстанға жаңа коронавирус инфекциясына диагноз қоятын құралдарды берді. Бұл турасында Роспотребнадзордың баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.

Атап айтқанда, ЕАЭО және ТМД елдеріне коронавирус инфекциясының елге кіруіне және таралуына жол бермеу бойынша көмек көрсету мақсатында Ресей тегін негізде әріптес-елдерге Роспотребнадзордың «Вектор» ғылыми-зерттеу орталықтарында дайындалған жаңа тұрпаттағы коронавирус - 2019-nCoV-ды анықтау жөніндегі зертханалық диагностика қоятын құралдарды беріп жатыр. 

«2020 жылғы 1- және 2-ақпанда 2019-nCoV вирусын анықтауға қажетті ресейлік тест-жүйелердің жеткілікті саны Арения Республикасына, Беларусь Республикасына, Қазақстан Республикасына және Өзбекстан Республикасына берілді», - делінген хабарламада. 

Роспотребнадзордағылар эпидемияларға қарсы іс-қимылдағы өзара әрекеттесу, инфекцияны анықтайтын және оның алдын алатын заманауи құралдарды тегін беруді және қоса алғанда, халықтың санитарлық-эпидемиялық амандығын қамтамасыз етуге және еуразиялық кеңістіктегі халықтың ден саулығын қорғауға елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанда коронавирусқа қарсы күресуге америкалық орталық көмек көрсетуде. Ұйым сырқаттың әлеуетті жағдайларына мониторинг жасайды.

Сонымен қатар, бұдан бұрын, Ресейде Қытайдың екі азаматында коронавируспен сырқаттанудың алғашқы жағдайлары анықталған болатын.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg