Павлодар облысының экс-әкіміне қатысты үкім өзгерді

Жарияланды
Болат Бақауов үй қамақта отыратын болды

Қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылған Болат Бақауов қатысты бұлтартпау шарасы үй қамаққа ауыстырылды деп хабарлайды Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі. 

«Павлодар қалалық мамандандырылған тергеу соты 2020 жылдың 18 ақпанында ҚР ҰҚК Тергеу-жедел тобының басшысы – ТД бас тергеушісінің өтінішін қанағаттандырды», – делінген хабарламада.

Онда тергеуші қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын үй қамаққа өзгертуді ұсыныпты. 

Аталмыш өтініш ҚР Бас прокуратура Қылмыстық қудалау қызметінің бастығымен келісілген. 

Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовқа қатысты Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлімі 3-тармағы (лауазымдық қызметін асыра пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ оқыңыз