Павлодар қоқыс құрсауында қалды

Тұрмыстық қалдықтарды шығаруға жауапты кәсіпорын жұмысшылары бес күннен бері қол қусырып отыр

Фото: pavon.kz

Соның салдарынан, Павлодар көшелерінде қоқыстан аяқ алып жүру мүмкін емес, ал тұрмыстық қалдықтардың "хош иісі" қолқаны алады.  

Полигон қалдықты қабылдамайды 

 Тұрғын үйлер аулаларындағы контейнерлердегі тұрмыстық қалдық «аузы-мұрнынан» шығып, кезбелер мен қаңғыбас ит-мысықтардың «мекеніне» айналды. Себебі өткен аптаның соңынан бері «Спецмашина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері қоқысты жинауды тоқтатты. 

Кәсіпорынның ресми өкілі Сүйіндік Нұрымовтың айтуынша, бұған облыс орталығындағы жалғыз полигонның қалдықты қабылдаудан бас тартуы себеп болған. 

1.PNG

Ресми өкіл мемлекет меншігіндегі полигонды жеке кәсіпорын жалға алып, жұмыс істейді дегенді алға тартады. Облыстық Экология департаменті аталмыш кәсіпорынның жұмысын тексеріп, «қалдықты заңсыз қабылдап отыр» деген байламға келіпті. Сөйтіп, айыппұл салып, құжаттарды ретке келтіруді тапсырған. Алайда, бір ай аралығында мәселе шешілмей, соның салдарынан, полигон тұрмыстық қалдықты қабылдауға қауқарсыз болып қалған. 

«Қазіргі кезде қоқыс көп жиналатын ауруханалар мен ірі сауда орындарының қалдығын кіргізу туралы ғана келісімге келдік. Ал тұрғын үйлердегі қалдықтарды полигонға апара алмаймыз. Оған шектеу қойылды», - дейді Сүйіндік Нұрымов. 

Әкімдік не дейді? 

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арыстан Кенжалинов болса, полигон кез келген уақытта тұрмыстық қалдықты қабылдауға әзір екенін алға тартады. Ал қаланың қоқыс құрсауында қалуына монополист осы саладағы«Спецмашина» серіктестігінің қолданыстағы тарифпен келіспеуі себеп дейді. Яғни, кәсіпорын тарифті 159 теңгеден 322 теңгеге дейін көтеруді талап етіп отыр екен. 

«Спецмашина» ЖШС өткен жылдың соңында Павлодар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне өз қызметтерінің бағасын көтеру туралы хат жолдады. Аталмыш бөлім кәсіпорынның хатын қалалық мәслихат депутаттарының қарауына ұсынды. Себебі, тарифті көтеру мәселесін тұрғын үй–коммуналдық мәселелер жөніндегі комиссия мүшелері талқыға салады», - дейді Арыстан Кенжалинов. 

Бұл ретте, қала әкімінің орынбасары Павлодардағы тариф еліміздегі ең төмен баға екенін атап өтті. Айтуынша, республика көлемінде орташа баға – 180 теңге, ал Павлодарда – 159 теңге. 

Әйтсе де, «Спецмашина» ЖШС өкілі Сүйіндік Нұрымов тарифті көтеру туралы өтініш жазылғанын жоққа шығарды. 
 

«Иә, 159 теңге табыс әкелмек түгілі, жыртығымызға жамау болмайтыны рас. Бірақ кәсіпорынның билікке талап қоятын құзіреті жоқ. Мәслихат қандай бағаны бекітсе, сол бойынша қызмет көрсетеміз. Біз тарифті көтеру туралы тек ауызша ұсыныс жасай аламыз. Өтініш жазып, билік назарын аудару біздің құзыретіміздегі  іс емес», - дейді ол. 

Ашығын айтқанда, 7-ақпан күні Павлодар қалалық мәслихатының кезекті отырысында тарифтің осы түрін көтеру мәселесі талқыланбақ. Міне, сол кезде нақты шешім қабылданатын болады. 

Бітпейтін тариф тартысы 

Айта кетсек, бұл «Спецмашина» серіктестігінің алғашқы «мінез көрсетуі» емес, осыдан екі жыл бұрын да үш күн бойы қоқыс шығармай, тұрғындарды әбден әбігерге салған болатын. Ол кезде де серіктестік тарифті өсіруді талап еткен.

Жергілікті билік келісімшарт талаптарын орындамаған кәсіпорынға айыппұл салмақ та болған еді. Бірақ «Спецмашина» жұмысын қайтадан жандандырған соң, жауапкершіліктен құтылып кетті.

Сол тұста монополист тариф бағасын 159 теңгеден 322 теңгеге дейін көтеруді талап еткен болатын.

Ал облыс орталығының басшылығы 250 теңгеден әрі асыру тұрғындардың қалтасына салмақ салатынын алға тартты. Сөйтіп, екі тарап ортақ мәмілеге келе алмай, тариф 159 теңге көлемінде сақталды. Енді, міне, бұл мәселе қайтадан көтеріліп отыр. 

Кейін белгілі болғандай, бұл іске Павлодар қалалық прокуратура қызметкерлері араласқан соң, аулалардағы контейнерлерден қоқыс шығарыла бастады. Кәсіпорын барлық 40 техниканы жұмылдырып, екі күн ішінде қала көшелерін қоқыстан тазартуға уәде берген көрінеді. 
 

banner_wsj.gif

В Казахстане вводится двухнедельный карантин с 5 июля

Соответствующее решение приняла межведомственная комиссия

Фото: Аскар Ахметуллин

В Казахстане с учетом осложнения эпидемиологической ситуации и роста заболеваемости коронавирусной инфекцией, госкомиссия приняла решение о введении с 5 июля новых ограничительных мер на 14 дней. Об этом сообщает Primeminister.kz.

По транспортному сообщению:

1. Сохранить международное авиасообщение без дальнейшего увеличения списка стран.
2. Сохранить авиасообщение между регионами, железнодорожное сообщение (с ограничениями).
3. Приостановить пассажирское автобусное автосообщение между регионами.
4. Ограничить работу общественного транспорта по времени.

По передвижению граждан:

1. Ввести запрет на проведение зрелищных, спортивных и других массовых мероприятий, а также семейных, памятных мероприятий.
2. Разрешить индивидуальные тренировки на открытом воздухе.
3. Ограничить перемещение населения по улицам, паркам, скверам – не более трех человек.
4. Ограничить перемещение лиц старше 65 лет.

Запретить деятельность:

1. Салонов красоты, парикмахерских, спортивных залов, фитнес-центров, бассейнов, продовольственных и непродовольственных крытых рынков, пляжей, аквапарков, объектов культуры, музеев, выставок, форумов, конференций и иных организованных массовых мероприятий, развлекательных центров, детских дошкольных учреждений (кроме дежурных групп), религиозных объектов и др. (развлекательных центров в ТРЦ, развлекательных учреждений (караоке, бильярд, компьютерные клубы, боулинг центры), кинотеатров, детских оздоровительных лагерей, фудкортов, банкетных залов).

2. Сохранить дистанционную форму работы для не менее 80% сотрудников госорганов (организаций), офисов, национальных компаний и иных организаций.

3. Сохранить деятельность медицинских центров по записи.

4. Сохранить деятельность аптек, продовольственных магазинов, открытых рынков.

5. Сохранить деятельность следующих объектов с соблюдением усиленного санитарно-дезинфекционного режима: общественного питания на открытом воздухе; строительных, промышленных предприятий с непрерывным производственным циклом; строительных работ на открытом воздухе; сельскохозяйственных работ, рыбного хозяйства и животноводства, сферы оказания услуг населению, среди которых автомойки, ремонт автомобилей и бытовой техники, ЦОНы, банки второго уровня (но с ограничением по времени).

Глава правительства отметил, что, в зависимости от дальнейшего развития эпидемиологической ситуации в стране, указанные ограничительные меры могут быть продлены на две недели либо ужесточены. 

Ранее глава государства Касым-Жомарт Токаев написал в Twitter, что правительство предложило ввести 14-дневный жесткий карантин с 5 июля. Также он рассказал, что после заседания МВК министр здравоохранения выступит с разъяснениями.

Напомним, 29 июня глава государства Касым-Жомарт Токаев провел совещание по мерам противодействия распространению коронавирусной инфекции и отметил, что от жителей поступает много жалоб, а акимы и министры перестали информировать людей. По его словам, многие руководители неудовлетворительно исполняют свои обязанности, объявил выговоры и сделал замечания.

Позже новый министр здравоохранения Алексей Цой предложил президенту три сценария развития ситуации с COVID-19. Первый - без карантина, второй - с двухнедельным карантином и третий - с четырехнедельным. Именно третий сценарий, по мнению главы ведомства, считается наиболее эффективным с точки зрения разрыва цепи заражения среди населения, а также подготовки соответствующей инфраструктуры.

По данным на 2 июля, в Казахстане коронавирусом заразились 42 574 человека, выздоровели 13 845, скончались 188 .

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg