1 view

Осы аптада сыбайлас жемқорлық туралы хабарламаларды марапаттаудың жаңа жүйесі жұмыс істей бастайды

Сыйақылар пара сомасының 10% құрайтын болады

Фото: Shutterstock

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды марапаттау ережелері туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әкімшілік-құқықтық департаментінің бас сарапшысы Ермек Бішібеков ведомствода өткен брифингте айтып берді.

«Марапатаудың жүзеге асырылып жатқан дифференциаланған жүйесіне сәйкес, егер пара немесе келтірілген шығы сомасы 1000 АЕК-тен асатын болса, сыйақы осы соманың 10%-ын құрайды, бірақ сыйақы сомасы 4000 АЕК-тен немесе 10 млн 604 мың теңгеден аспау керек», – деді ережелерді түсіндірген ол.

Спикердің айтуынша, егер пара сомасы немесе келтірілген шығын сомасынан аспаса, марапаттаудың ескі жүйесі қолданылады. Яғни сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған азамат қылмыстың ауыртпалығына қарай, 30 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейінгі сомадағы сыйақы алады

Жаңа ережелер 2020 жылғы 15-ақпаннан қолданысқа енгізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметтері бойынша, соңғы үш жылда 708 азамат 99 млн теңге сомасындағы сыйақымен марапатталған. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары сыйақыға жиі ие болған.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер