Мамин су тасқынына дайын болуды тапсырды

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Биыл еліміздің орталық, солтүстік, шығыс аймақтарында қар қалың түскен

Қар еріп, су тасқыны болмас үшін, өңірлердегі әкімдіктер бұл жағдайда бақылауда ұстауы тиіс, деді ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин үкімет отырысында. 

«Болжам бойынша республиканың орталық, солтүстік, шығыс бөлігінде қар көп мөлшерде ериді деп күтілуде. Сондықтан барлық әкімдер бүгіннен бастап жағдайды күнделікті бақылауға алуы тиіс. Қарды, әсіресе, ауылдық елді мекендерден шығару үшін барлық қажетті құралдар мен техниканы жұмылдыру керек. Өзен арналарын, ағындарды, нөсерлі кәріздерді тазартуды, уақытша жер үйінділері мен бөгеттер салуды қамтамасыз ету қажет»,— деді А. Мамин. 

Ішкі істер минитсрлігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тиісті қызметтері нақты мониторинг пен бақылау жасап отырус тиіс. 

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне республикалық маңызы бар автотрассалар мен темір жолдардағы су тасқынын болдырмау үшін тәулік бойы бақылау жасауды ұйымдастыруды, су өткізу құбырлары арқылы тасқын суларды өткізуді қамтамасыз етіп отыруы қажет», – деді Мамин. 

Ал Экология министрлігі болжамды мәліметтерді ескере отырып, су қоймаларын толтырудың қауіпсіз көлемін анықтап, олардың толтырылуына тұрақты бақылау жасауды қамтамасыз ету жүктелді. Қажет болған жағдайда ведомство су қоймаларын алдын ала босату шараларын қабылдауы керек. 

«Ішкі істер министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, тиісті штабтар құруды, күштер мен құралдардың, оның ішінде халықты хабардар ету жүйелерінің орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға толық дайындығын қамтамасыз етуді тапсырамын. Жалпы жағдайды қатаң бақылауда ұстап, дер кешінде әрекет ету керек. Роман Басильевич, аймақтармен апта сайын селекторлық жиналыс өткізіп, жұмысты үйлестіріңіз», – деп түйіндеді Мамин. 

Сондай-ақ оқыңыз