Skip to main content

Мамин су тасқынына дайын болуды тапсырды

Биыл еліміздің орталық, солтүстік, шығыс аймақтарында қар қалың түскен

Фото:kursiv.kz

Қар еріп, су тасқыны болмас үшін, өңірлердегі әкімдіктер бұл жағдайда бақылауда ұстауы тиіс, деді ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин үкімет отырысында. 

"Болжам бойынша республиканың орталық, солтүстік, шығыс бөлігінде қар көп мөлшерде ериді деп күтілуде. Сондықтан барлық әкімдер бүгіннен бастап жағдайды күнделікті бақылауға алуы тиіс. Қарды, әсіресе, ауылдық елді мекендерден шығару үшін барлық қажетті құралдар мен техниканы жұмылдыру керек. Өзен арналарын, ағындарды, нөсерлі кәріздерді тазартуды, уақытша жер үйінділері мен бөгеттер салуды қамтамасыз ету қажет",— деді А. Мамин. 

Ішкі істер минитсрлігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тиісті қызметтері нақты мониторинг пен бақылау жасап отырус тиіс. 

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне республикалық маңызы бар автотрассалар мен темір жолдардағы су тасқынын болдырмау үшін тәулік бойы бақылау жасауды ұйымдастыруды, су өткізу құбырлары арқылы тасқын суларды өткізуді қамтамасыз етіп отыруы қажет", – деді Мамин. 

Ал Экология министрлігі болжамды мәліметтерді ескере отырып, су қоймаларын толтырудың қауіпсіз көлемін анықтап, олардың толтырылуына тұрақты бақылау жасауды қамтамасыз ету жүктелді. Қажет болған жағдайда ведомство су қоймаларын алдын ала босату шараларын қабылдауы керек. 

"Ішкі істер министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, тиісті штабтар құруды, күштер мен құралдардың, оның ішінде халықты хабардар ету жүйелерінің орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға толық дайындығын қамтамасыз етуді тапсырамын. Жалпы жағдайды қатаң бақылауда ұстап, дер кешінде әрекет ету керек. Роман Басильевич, аймақтармен апта сайын селекторлық жиналыс өткізіп, жұмысты үйлестіріңіз", – деп түйіндеді Мамин. 

banner_wsj.gif

Қазақстанның кейбір облыстарында су тапшылығы сезілуі мүмкін

Оған трансшекаралық өзен суының азаюы себеп

Жаңа егіс науқанының алдында еліміздің бірқатар аймақтарында су тапшылығы сезілуі мүмкін. Бұл туралы геология, экология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев суармалы жердің ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі қаралған үкімет отырысында мәлімдеді. 

Министр гидрологиялық болжам бойынша, биыл оңтүстік және батыс облыстарда су тапшылығы сезілуі мүмкін дейді. Бұған дейін ел үкіметі елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басым бағыт деп белгілеген еді. Осы орайда Мырзағалиев ауыл шаруашылық саласында жүрген шаруаларды қажетті сумен қатамасыз ету – осы міндеттің бір бөлігі деп тұжырымдайды.

«Осыған орай біз тиісті шараларды қабылдадық. Су қоймаларының жұмыс кестесі қайта қаралып, әзірленді. Оны дайындау барысында суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету есепке алынды. Қазіргі таңда су қоймалары толтырылып жатыр",- деді ол Үкімет отырысында. 

Қазақстанның трансшекаралық өзендері бастау алатын көрші елдер – Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанда да су тапшылығы сезілуі жағдайды одан әрі ушықтырып тұр. Бұл өзендердің суы елдің оңтүстігі мен батысында ауыл шаруашылық мақсаттағы жерді суаруға пайдаланылады.

«Біз өз тарапымыздан өзбек, қырғыз және тәжік әріптестерімізбен тиісті  келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біздің басты назарда – Сырдария, Шу, Талас өзендері және мемлекетаралық каналдар бойынша Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарына қажетті су келуін қамтамасыз ету. Осыған орай, видеобайланыс арқылы 10 сәуірде су шаруашылық министрліктерінің арасында консультация өткізу жоспарланған»,– деп айтып өтті министр.

Минстрліктің мәліметі бойынша, Қазақстанда 1,5 млн гектар суармалы жер бар. Олардың басым бөлігі оңтүстік облыстарға тиесілі. Былтыр сол жерлерді суару үшін 12,3 млрд м3 су жұмсалды. Бұл еліміз бойынша тұтынатын судың 67% құрайды.

Бір гектар жерді суаруға кететін су көлемін орта есеппен 6 м3-ке дейін азайтса, ұнемделген сумен тағы да 2 млн гектар жерді суғаруға болады екен. Сондықтан министр суды үнемдеу технологиясын көбірек пайдалану керек деп тұжырымдайды. 

«Тамшылатып суару, жаңбырлату және егіс көлемін жоспарлаудың жаңа технологиялары пайдаланылатын суды бұрынғы тәсілдермен салыстырғанда, 33 пайызға үнемдеуге мүмкіндік береді. Ең бастысы - шығындалған судың өнімділігі артады, 1 шаршы мерт суды пайдалана отырып, 2,5 есе көп өнім алуға болады»,– деді ол. 

Бұдан бөлек, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында 205 километр канал тазаланды және бұл жұмыс әрі қарай жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, 335 гидротехникалық нысандар жөнделіп, 39 километр канал бетонмен қапталды.
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif