Қытайдан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жалғасады

Жарияланды (жаңартылды )
Ол жаққа тағы 2 ұшақ жіберіледі

Қазақстан өз азаматтарын Қытайдан эвакуациялауды жалғастырады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

«10 және 12 ақпанда Қытай билігімен келісім бойынша қазақстандық азаматтарды эвакуациялау үшін Бейжіңге «Air Astana» әуекомпаниясының екі ұшағы жіберіледі. Ұшу барысында жолаушылармен бірге медициналық қызметкерлер болады. Қытай тарапының өтініші бойынша осы рейстер арқылы Бейжіңге Қазақстандағы 47 қытай азаматын, сондай-ақ Қытай елшілігінің коммерциялық емес жүгін жеткізу жоспарлануда», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚХР аумағында 719 ҚР азаматы бар, оның 391 отанына оралуға көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Қалғандары: дипломатиялық мекемелердің қызметкерлері мен отбасы мүшелері, студенттер және басқа да жеке тұлғалар Қытайда қалуға тілек білдірген.

Айта кетейік, 3 ақпан күні Уханьнан 83 азамат елге оралған.  

Эвакуация Қытайда коронавирус індетінің өршуіне байланысты жүргізіліп жатыр, қазіргі кезде бұл аурудан 908 кісі қайтыс болған
 

Сондай-ақ оқыңыз