Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны азайып келеді

Жарияланды
32,5 мың адам емделіп шыққан

Қытайда бір күн ішінде коронавирустан 29 адам қайтыс болып,  433 кісі инфекция жұқтырған. Ал аурудан айыққандардың  саны – 2750, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. 

Айта кетейік, сәрсенбі күні Хубэй провинциясында covid-19 пневмониясын  409 кісі жаңадан жұқтырып, 26 адам қайтыс болса, ал сейсенбі күні 401 адам инфекция жұқырып, 52 пациент көз жұмған. 

Денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитет коронавирустан емделіп, ауруханадан шыққандардың саны 9 күн қатарынан инфекция жұқтырғандардан асып тұрғанын хабарлайды. 

Қытайда коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны  2 744-ке жетіп, 32 495 адам аурудан айықты, жалпы саны 78 497 адам инфекция жұқтырған. 
 

Сондай-ақ оқыңыз