Қытайда 70 мыңнан астам адам коронавирусты жұқтырған

Жарияланды (жаңартылды )
Ауруханалардан дерттен айыққан 11 мыңға жуық адам шығарылды

Қытайда коронавирустың жаңа түрін 70 548 адам жұқтырған. Бұл турасында Синьхуа агенттігі хабарлайды.

ҚХР-дың Денсаулық істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметтері бойынша, пневмониядан 1 770 адам қайтыс болған.

Жексенбідегі жағдай бойынша, Қытайда коронавирустың жаңа түрінен айыққан, барлығы 10 844 пациент ауруханалардан шығарылды. Атап айтқанда, жексенбіде дерттен сауыққан 1 425 пациент госпитальдардан үйлеріне қайтқан.

Бұдан бұрын, Қазақстанда Білім және ғылым министрлігінің құрамындағы ғылыми орталықтар коронавирустың жаңа тұрпатына қарсы вакцина дайындауға дайын екендіктері туралы мәлімдеген болатын-ды. 

Сондай-ақ оқыңыз