1 view

Коронавирус жұқтырғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ

ҚР СІМ шетелге шығуды шектей тұруға шақырады

Фото: Shutterstock.com

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров коронавирус жұқтырған және бақылауға алынған адамдардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ деп мәлімдеді. Бұл туралы Интерфакс агенттігі хабарлайды. 

«Өздеріңіз білетіндей, коронавирустың таралу аймағы қарқынды түрде кеңейіп келеді, сондықтан сыртқы істер министрлігі бар күшін сала жұмыс істеп жатыр, біздің шетелдегі өкілдіктеріміз сағат сайын мониториг жасайды. Инфекция жұқтырғандардың және ауруы жұқтыруы мүмкін деп бақылауға алынғандардың арасына Қазақстан азаматтары жоқ», – деді Смадияров брифингте. 

Сонымен қатар СІМ өкілі қазақстандықтарды медициналық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, мүмкін болса шетелге сапарды қысқартуға шақырды.

Айта кетейік, Италияда мектеп, университет мен кинотеатрлар  уақытша жабылып жатыр. Бұл елде коронавирус жұқтырғандардың саны бірден үш есе өскен. 

Ал Қытайда коронавирустан бір күнде 29 адам қайтыс болып, 433 кісі инфекция жұқтырған. Ал ауруынан айыққандардың саны  – 2750 адам. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер