Коронавирус әлемнің 46 еліне таралды

Жарияланды
ДДСҰ келтірген дерек осындай

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен бейсенбідегі жағдай бойынша, коронавирус жұқтыру жағдайы  46 мемлекетте тіркелгені туралы хабарлады, деп жазады Интерфакс-Қазақстан. 

ДДСҰ дерегіне сүйенсек, Қытайдан өзге елдерде инфекция жұқтырғандардың қатары 3,664 адамға жетіп, 57 кісі қайтыс болған.

Бұл ретте South China Morning Post  газеті әлем бойынша инфекция жұқтырғандардың саны  – 87 679, ал 2,814 адам көз жұмғанын хабарлады.

Газеттің жазуынша, құрлықтық Қытайдан өзге елдерде инфекция жұқтырған 4 182 жағдай тіркеліп, 70 адам қайтыс болған. 

Жақында ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус коронавирустың өршуі «шешуші нүктесіне» жақындағанын мәлімдеген болатын. Өйткені әлем бойынша инфекцияны жаңадан жұқтырғандардың саны Қытайдағыдан да артып, таралу аймағы кеңейіп барады. 

 

Сондай-ақ оқыңыз