Қорғаныс министрлігінің генералы үйқамаққа алынды

Жарияланды
Ол қарамағындағылардан жүйелі түрде пара алып отырған

Қорғаныс министрлігінің генералы жүйелі түрде пара алып отырған. Оған бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу қолданылған. Бұл турасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. 

«Қызметтік міндеттеріне сәйкес, біліктілігі жоғары әскери кадрларды іріктеу және оларды лауазымдарға орналастыруға, ескерту және алдын алу жұмыстарын жүргізуге, өз қатарларының тазалығын сақтауға және жеке құрам арасында жемқорлық нышандарына жол бермеуге міндетті жоғарылауазымды шенді  қарамағындағыларға жалпы қамқорлық жасағаны және олардың қызметін өсіргені үшін жүйелі түрде елеулі көлемдегі пара алып отырған », – делінген хабарламада.

Күдікті кінәсін мойындады және қорғаушысының қатысуымен процесуалдық келісім жасауға өтініш берді. Күдікті кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайтын болады. 

 

Сондай-ақ оқыңыз