1 view

Қордайдағы қақтығысқа қатысты 90 қылмыстық іс қозғалды

Жүздеген адамнан жауап алынған

Фото: Shutterstock.com

Қордайдағы қақтығыс бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны 90-ға жеткен. Бұл туралы ІІМ министрінің орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді деп хабарлайды Интерфакс.

"Өздеріңіз білетіндей, 11 іс кісі өлтіру фактісі бойынша қозғалған. Сондай-ақ жаппай тәртіпсіздік, ұрлық, қарақшылық және тонау бойынша да қылмыстық істер бар. Қылмыстық-процесуалдық заңнама бойынша, тергеу мерзімі - екі ай, қосымша сараптама жасау, зерттеу жүргізу керек болса, онда оның мерзімі ұзарады», – деді Қожаев. 

Вице минист полицияға күш көрсеткен үштіктің ісі сотқа жөнелтілгенін айтып өтті. 

Қазіргі кезде жүздеген адамнан жауап алынып, осы  оқиғаға қатысушы әр адамның рөлін айқындауға бағытталған процедуралық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 7 ақпан күні Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масаншы ауылының тұрғындары арасында жанжал шығып, арты топтық төбелеске ұласқан. Қақтығыс салдарынан отыз шақты тұрғын үй мен ондаған дүкен қирап, бірнеше көлік отқа оранған. 11 адам қайтыс болып, 165 кісі медициналық көмекке жүгінген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер