Skip to main content

Қордайдағы қақтығыс шығынын өтеуге үкімет резервінен қаржы бөлінеді

Нақты көлемі үкіметтік комиссия жұмысын аяқтаған соң белгілі болады

Фото: Асқар Ахметуллин

Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы қақтығыстан келген шығын көлемі, оның кімге және қандай  мөлшерде өтелетіні үкіметтік комиссия жұмысын аяқтаған соң белгілі болады, деді журналистерге Қаржы министрі Әлихан Смайылов. 

Министр төтенше жағдайға қарастырылған арнайы қаражат үкіметте де, жергілікті бюджетте де бар екенін айтып өтті. Қажетті қаржы осы қордан бөлінбек. 

«Ең алдымен үкіметтік комиссия жұмысын аяқтауы тиіс. Бүгін-ертең ол жұмысын бітіреді, соның нәтижесі бойынша келген шығын көлемі қанша, қай резервтен ақша бөлу туралы шешім қабылданатын болады. Тек мемлекеттік бюджет ғана емес, сол жақта орналасқан мемлекеттік мекемелер есебінен де қарастырылады», – деді ол. 

Сонымен қатар қайтыс болғандардың отбасына өтемақы төлеу мәселесін де үкіметтік комиссия шешетінін, қираған үйлерді қалпына келтіру және басқа да шығындарды өтеу бойынша жоспар әзірленетінін айтты. 

banner_wsj.gif

Түркістан облысындағы алғашқы науқас вирусты қайдан жұқтырған?

Ол Нұр-Сұлтаннан Жетісайға жеткенше 16 адаммен қарым-қатынас жасаған

Фото: Facebook

Коронавирус жұқтырған науқас Түркістан облысы, Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты, деп жазады Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өзінің  Facebook парақшасында. 

"Мәліметке сай, 27 наурыздан бері қызуы көтеріліп ауырған. Жетісай аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 30 наурыз күні қаралған.Науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен Қарағандыға келіп, 6 сағаттай аялдап, Шымкентке Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезбен келген. Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан",- деп жазады Сәкен Қалқаманов. 

Әзірге анықталғаны науқаспен 16 адам қарым-қатынаста болған. 5 адам Нұр-Сұлтан қаласында байланыста болса,  11 адам Жетісай қаласының тұрғындары. 

"Өзге де байланыста болған адамдар анықталуда", -деді әкімнің орынбасары. 

Соңғы ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда барлығы 348 адам кронавирус инфекциясын жұқтырған.   

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif