Қордайдағы қақтығыс: 25-тен аса қылмыстық іс қозғалды

Күдіктілердің нақты саны ашық айтылмады

Фото: Асқар Ахметуллин

Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Жамбыл облысы, Қордай ауданында болған қақтығысқа байланысты қозғалған қылмыстық істің саны 25-тен асатынын мәлімдеді. 

"Қылмыстық істерді тергеуге қатысты айсақ, қазіргі уақытта Жамбыл облысы полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша 25-тен аса қылмыстық іс қозғады. Оның ішінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және оған қатысуға шақыру бар. Бұзақылық фактілері бойынша - 6, өзгенің мүлкіне зиян келтіру туралы үш қылмыстық іс, кісі өлімі бойынша 10 қылмыстық іс және және тағы екі іс адам өміріне қастандық жасауға қатысты қозғалды", – деді ІІМ өкілі. 

Дегенмен Әділов сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқандықтан,  нақты қанша адамның үстінен қылмыстық іс қолғалғанын ашып айтпады.

"Қазіргі уақытта ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобы мен Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. (...). Күдіктілердің бірқатары ұсталғанын растаймын. Оларды қамауға алу туралы өтінішті прокуратура қолдап,  Жамбыл облысы сотының санкциясымен олар қамауға алынды", – деп түйіндеді  Санжар Әділов. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg