1 view

Еңбек нарығына кешенді талдау жүргізіледі

Сонымен қатар әлеуметтік салаға қатысты заңдар да түгенделеді

Фото: Shutterstock

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір ай ішінде еңбек нарығына кешенді талдау жүргізіп, жұмыспен қамту шараларының тиімділігін бағамдауы тиіс. Министрліктің алқа отырысында вице-премьер Ералы Тоғжанов осындай тапсырма берді. 

"Нақты табыстың  өсуіне бағытталған кешенді шаралардың ішінде - көмек көрсету, қолдау шаралары маңызды. Жұмыспен қамту жол картасы жүзеге асырылды. "Еңбек" бағдарламасы жұмыс істейді. Оған да қатысты сұрақтар бар, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруы кезеңіндегі тиімділігін саралау керек", – деді Тоғжанов. 

Одан бөлек, әлеуметтік саладағы заңнаманы мұқият түгендеу қажет. Вице-премьердің пікіріне жүгінсек, негізгі басымдық бірыңғай әлеуметтік саясатты жүзеге асыру және мемлекет кепілдік берген барлық әлеуметтік міндеттемелерді сақтауға беріледі.

"Әртүрлі пікір көп, мен оны білемін. Бұл өте маңызды мәселе. Еңбек нарығы мен жұмыспен қамту тетіктерінің тиімділігіне кешенді талдау жүргізу үшін Еңбек министрлігіне бір ай жеткілікті болар деп ойлаймын", - деді вице-премьер. 

Сонымен қатар вице-премьер зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша жасалған ұсыныстардың бәрі барлық тараптардың мүддесін ескеруі тиіс екенін айтып өтті.

«Бұл жүйені біз әлі талқылаймыз. Бұл мәселеге салмақпен, байыппен қарауымыз керек»,– деп  түйіндеді Тоғжанов. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер