Skip to main content

Елорда оқушылары қоғамдық көлікте тегін жүретін болады

28 наурыздан бастап кәмелетке толмағандар үшін осындай жеңілдік қарастырылмақ

Фото: Офелия Жакаева

28 наурыздан бастап кәмелетке толмаған балалар қалалық автобустарда тегін жүретін болады. Бұл туралы қалалық көлікті дамытуға арналған форумда City Transportation Systems басқармасының төрағасы (бұрынғы "Астана ЛРТ" ЖШС) Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді. 

«Өздеріңіз білесіздер, 7-15 жас аралығындағы балалар қалалық көлікте 40 теңге төлейді. Алайда көп балалы отбасылар үшін жолақының өзі кәдімгідей салмақ. Сондықтан 28 ақпаннан бастап тасымалдаушы компаниялар балаларды тегін тасымалдауға шешім қабылдады», – дед ол. 

Бұл ретте Игенбердинов бүкіл жолаушылар үшін валидация міндетті екенін айтып өтті. Ол маршруттық бағыттың дұрыс құрылуына қажетті есеп-қисапта пайдаланылады. 

Сонымен қатар наурыздың соңынан жаңа жолақы тарифтері енгізіледі. Мәселен, қала тұрғындары  10 мың теңгеге қоғамдық көлік пен экспресс-бағыттарда бір ай бойы шектеусіз жүріп-тұруға мүмкіндік беретін «қалалық Экспресс+» тарифін сатып ала алады. Ал қала маңындағы ауылдардан қатынайтындар елдімекен арасы мен қалалық қоғамдық көліктерге арналған 13 мың теңгелік тарифті таңдай алады. 

banner_wsj.gif

Түркияда қалып қойған қазақстандықтарды Павлодарға әкелді

Олардың барлығын бірден карантинге жапты.

Фото: Shutterstock

Бүгін сағат 9:55-те Павлодар әуежайына бортында 125 қазақстандық бар ұшақ  Түркиядан келіп қонды. Олардың басым бөлігі- Павлодар облысының тұрғындары. 

Рейсті күтіп алғандардың барлығы арнайы қорғаныс костюмдерін киген. Елге оралғандардың температурасын өлшеп, коронавирус белгілеріне тексерді. Сондай-ақ, жеке қорғаныс құралдарымен жабдықтап, арнайы сауалнама жүргізілді. Жолаушылардың сырт киімдеріне дезинфекция жасалғаннан соң автобустармен карантин орнына жеткізілді. Сондай-ақ, олардың жүктеріне тазарту жұмыстары жүргізілді. Жолаушылар жүктерін карантиннен шыққаннан кейін ғана ала алады. 

Түркиядан келген қазақстандықтар алдағы уақытарын карантинде өткізеді. Бүгін оларды арнайы дайындалған мекемелерге жатқызды. Бұл жерде әр адамға медициналық сараптама жасалады. Оның нәтижесі 1 тәулік аралығында белгілі болмақ. Егер COVID–19 анықталған болса, пациентті бірден инфекциялық стационарға жеткізіп, боксқа оқшаулайды. 

Жолаушыларды тасымалдауға жұмылдырылған ұшақ пен барлық көліктерді, яғни автобустар мен жедел жәрдем машиналарын да дезинфекциялады.  

Еске сала кетейік,  бұл Қазақстанға азаматтарды шетелген әкелген алғашқы рейс емес. Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларына арнайы ұшақтар отандастарымызды жеткізген еді.

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif