Пневмонияның жаңа түрінен Қытайда 17 тұрғын қаза болды

Жарияланды
Дертті жұқтырғандар саны 570 адамнан асып кеткен

Қытайда короновирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны 17 адамға жетті, деп хабарлайды «Жэньминь жибао».

Басылым елдің 27 аймағында дертті жұқтырғандардың саны 570 адамнан асып кеткенін, ал олардың 95-нің ауыр хәлде жатқанын атап өтті. 5,8 мыңнан астам карантинге жатқызлып, қоғамдық ортадан оқшауландырылған.

Қытай үкіметі эпидемияның тарауына жол бермеу мақсатында барлық шараларды қолдануда, делінген хабарламада.

Бұған қосарымыз, дерті жұқтырғандардың көпшілігі Ухань қаласындағы теңіз өнімдері базарында жұмыс істегендер. Жергілікті билік қала тұрғындарын бетперде киіп жүруге міндеттеді. Пневмониямен ауырғандар басқа елдерде – Таиландта, Жапонияда, АҚШ-та және Оңтүстік Коряеда – анықталған.

Сондай-ақ оқыңыз