Skip to main content

Пневмонияның жаңа түрінен Қытайда 17 тұрғын қаза болды

Дертті жұқтырғандар саны 570 адамнан асып кеткен

AP Photo/Dake Kang

Қытайда короновирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны 17 адамға жетті, деп хабарлайды «Жэньминь жибао».

Басылым елдің 27 аймағында дертті жұқтырғандардың саны 570 адамнан асып кеткенін, ал олардың 95-нің ауыр хәлде жатқанын атап өтті. 5,8 мыңнан астам карантинге жатқызлып, қоғамдық ортадан оқшауландырылған.

Қытай үкіметі эпидемияның тарауына жол бермеу мақсатында барлық шараларды қолдануда, делінген хабарламада.

Бұған қосарымыз, дерті жұқтырғандардың көпшілігі Ухань қаласындағы теңіз өнімдері базарында жұмыс істегендер. Жергілікті билік қала тұрғындарын бетперде киіп жүруге міндеттеді. Пневмониямен ауырғандар басқа елдерде - Таиландта, Жапонияда, АҚШ-та және Оңтүстік Коряеда – анықталған.

banner_wsj.gif

42500 теңге: миллионнан аса өтініш келіп түскен

Олардың арасында 500 мыңнан аса айлық алатындар да болған

Фото:кursiv.kz

Қазіргі кезде 938 мың адам 42500 теңге төлем алуға 1,2 млн өтініш берген. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ өткен брифингте әлеуметтік төлем жайын тағы да түсіндірді. 

«Біріншіден 42500 теңге – емлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем. Ол жұмыс істеп, ресми, бейресми тіршілік жасап жүрген азаматтарға, бірақ төтенше жағдайға қатысты табысынан айырылған адамдарға қарастырылған», – деді министр. 

Нұрымбетов жүйе әр адамды автоматты түрде тексеретінін айтып өтті. Қазір кезде  egov.kz және 42500.enbek.kz сайттары тұрақты жұмыс істеп тұр, арнайы телеграм- бот іске қосылады. 

"Telegram-бот бүгін іске қосылды. Ол дайын. Бірақ оны кішкене кешіктірдік. Өкінішке қарай, кейбір "ақылды кісілер" көптеген фейк, жалған Telegram-боттарды жариялап, кішкене халықты жаңылыстырды", - деп қосып өтті Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, бұл төлемге тек жағдайы қиындап кеткен кісілер ғана емес, 500 мыңдап айлық алып жүргендер де өтініш берген. 

"Алғашқы 4 мыңнан аса өтініш келіп түскен кезде, олардың 2 мыңға жуығы қаңтар, ақпан айларында 50 мыңнан аса айлық алып жүргенін анықтадық. Алайда 16 наурыздан кейін ақшасы қалмай қалыпты да, өтініш берген. Бұл енді дұрыс емес. Сондықтан сіздерден кешірім сұраймыз, бірақ сіздерге бұл ақша төленбейді",- деді министр. 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif