Skip to main content

Нұр-Сұлтан әуежайында барлық рейстер кешігіп жатыр

Дүлей желдің күшейуі күтілуде

Фото: Аскар Ахметуллин

Дүйсенбі, 27-қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда күрделі ауа райы және көрудің шектелуі алдарынан барлық рейстер белгісіз уақытқа дейін шегерілген. Бұл турасында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Сонымен қатар, Азаматтық авиация комитетіндегілер желдің жылдамдығы 20 м/сек-қа, ал оның ұйытқып соғуы 24 м/сек-қа дейін жеткенін хабарлады. Болжам бойынша, жел екпінінің 27 м/сек-қа дейін күшейуі күтілуде. Соның салдарынан, 19 ішкі, 13 халықаралық рейстердің ұшуы кешігіп жатыр. Елордадан ұшатын  14 ішкі, 4 халықаралық рейстер кестеден алынып тасталды. Ұшып келетін 16 халықаралық, 20 ішкі рейс кешігіп жатса, ұшып келетін 13 ішкі және 2 халықаралық рейс кестеден алынған. 
 

banner_wsj.gif

Түркістан облысындағы алғашқы науқас вирусты қайдан жұқтырған?

Ол Нұр-Сұлтаннан Жетісайға жеткенше 16 адаммен қарым-қатынас жасаған

Фото: Facebook

Коронавирус жұқтырған науқас Түркістан облысы, Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты, деп жазады Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өзінің  Facebook парақшасында. 

"Мәліметке сай, 27 наурыздан бері қызуы көтеріліп ауырған. Жетісай аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 30 наурыз күні қаралған.Науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен Қарағандыға келіп, 6 сағаттай аялдап, Шымкентке Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезбен келген. Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан",- деп жазады Сәкен Қалқаманов. 

Әзірге анықталғаны науқаспен 16 адам қарым-қатынаста болған. 5 адам Нұр-Сұлтан қаласында байланыста болса,  11 адам Жетісай қаласының тұрғындары. 

"Өзге де байланыста болған адамдар анықталуда", -деді әкімнің орынбасары. 

Соңғы ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда барлығы 348 адам кронавирус инфекциясын жұқтырған.   

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif