1 view

Мемлекетаралық авиация комитеті «Бек Эйр» ұшағы апатын тексеруді аяқтаудың мерзімін айтты

Оған бірнеше ай кетуі мүмкін

Фото: Аскар Ахметуллин

2019 жылғы 27-желтоқсанда «Бек Эйр» авиакомпаниясы Fokker-100 ұшағының Алматы маңында апатқа ұшырауына не себеп болғанын тексеруге бірнеше ай немесе  бір жылдан астам уақыт кетуі мүмкін, деп хабарлады Мемлекетаралық авиация комитетінің бас директоры Виктор Сороченко.

«Барлық күш-жігерге және жұмыс режиміне қарамастан, әлемдік тәжірибе мұндай авиациалық оқиғаларды зерттеуге бірнеше ай, ол аз болса, бір жылдан астам уақыт кететінін көрсетіп отыр. Негізінен мерзім тексеру барысында жүргізілетін зерттеулердің тереңдігі мен көлеміне байланысты. Бұл жерде назарға таза процедуралық факторларды да алған жөн», - деді ол 10-қаңтарда ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде, «Бек Эйр» авиакомпаниясы Fokker-100 ұшағының апатқа ұшырауын тексерудің алдын ала нәтижелерін жариялай отырып. 

Сороченко тексеруге дайындаушы мемлекет пен әуе кемесін жасаушы мемлекет – Нидерландының өкілетті өкілі және кеңесшілері қатысып жатқанын атап өтті. Тексеруді аяқтау кезеңінде түпкілікті есептің жобасын комиссия Нидерландыға жібереді.

«Дайындаушы 60 тәулік ішіндеесеп жобасын қарастырады және өзінің түсініктемелерін береді. Ары қарай сол түсініктемлерді келісу немесе оларды қабылдамау процедуралары жүзеге асырылады. Осылай, тексерудің ақырғы нәтижесін осындай уақыт факторларын ескере отырып керек», - деді сөзін қорытындылаған ол.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер