Мамин қазақстандықтардың нақты табысын 6%-ға артыруға уәде берді

2020 жылдың қорытындылары бойынша ЖІӨ өсімі 4,7-5%-ды құрайтын болады

Фото: Аскар Ахметуллин

Ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша қазақстандықтардың нақты табысы 6%-ға артады, ал экономика өсімі 4,7-5%-ды құрайтын болады, деп хабарлады ҚР премьер-министрі Асқар Мамин.

«Үкіметтің 2020 жылғы жұмысының негізгі мақсаты экономиканың 4,7-5% деңгейдегі өсімін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, 430 мың жаңа жұмыс орнын ашу, негізгі капталға инвестия құюды 20%-ға дейін жеткізу, шикізат емес экспортты 18,6 млрд долларға дейін жеткізу, халықтың нақты табысын 6%-ға арттыру бойынша мақсат қойылып отыр», - деді ол 24-қаңтарда мемлекет басшысы қатысқан үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде.

Мамин үкімет жұмысындағы басты басымдық экономикалық өсімнің қазақстандықтар тұрмысы деңгейінің нақты өсімін қамтамасыз етуге бағытталатынын атап өтті.

«Бізде осы мақсаттарды шешудің нақты жоспары бар, біз оны жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз», - деп уәде етті премьер.

Сонымен бірге 2019 жылы шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін 29,5%-дан 30%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Қазақстан қай елден қандай гуманитарлық көмек алды?

2020 жылы Қазақстанның өзі құны 2,5 млн доллар болатын арнайы жүк жіберген

Фото: Офелия Жакаева

Мемлекеттік кірістер комитетінің гуманитарлық көмек ретінде жеткізілген жүк туралы мәліметінен Қазақстанның жарты жыл ішінде өзге елдерден құны 250,9 мың доллар  0,41 тонна дәрі-дәрмек алғанын байқауға болады. Салыстырар болсақ, 2019 жылы жалпы құны  $3,9 млн болатын 1,3 тонна дәрі жеткізілген. 

Сонымен қатар, кеден статистикасының «Киім-кешек және аяқ киім» бөлігінде көрсетілген гуманитарлық көмектік құны қатты өскен. Былтыр келген тауардың құны  $653 мың болса, биыл 6 айдың ішінде еліміз 2,9 млн доллар  тұратын киім-кешекті гуманитарлық көмек ретінде алып үлгерген. Ал салмақ бойынша салыстырсақ, биыл келген жүктің салмағы төмен. (биыл – 84 тонна, былтыр – 239 тонна). 

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер департаменті «Киім-кешек және аяқ қиім» бөлігіне биыл коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлердің арнайы киімі кіргенін айтады. Қорғаныш киім тиелген ең үлкен гуманитарлық көмекті Қазақстанға Катар елі жіберген. Олар жалпы құны 1,6 млн доллар болатын 35 мыңнан аса арнайы қорғаныш киімдерін берген. 

Жалпы, осы жарты жылда  Қазақстанға жіберілген гуманитарлық көмек көлемі бойынша да Катар көш бастап тұр ($1 млн 719 мың). Ал екінші орында – Қытай ($838,5 мың), үшінші орында  Германия ($732 мың) келеді.

2020 жылдың алты айында республикаға құны 4,013 млн доллар гуманитарлық көмек келген. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2019 жылдың жалпы көрсеткіші $9,873 млн құрайды. Былтыр Қазақстанға гуманитарлық көмек жібергендердің көш басында Германия болған, бұл ел $8,2 млн тұратын көмекті тегін жіберген. 

Қазақстан кімге көмек беріп жатыр?

Қазақстанның өзі биыл екі елге гуманитарлық көмек жіберген екен. Жалпы құны – $2,5 млн. Соның басым бөлігін ұн түрінде Тәжікстан алған. Бұл елге 1 млн 572 мың доллардың ұны гуманитарлық көмек ретінде жіберілген. Оған қоса, Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін осы елге өкпені жасанды желдету шағын аппараттарының бір партиясын жіберуді жоспарлап қойған. Әзірге Ақмола облысында орналасқан отандық өндіруші өндіріс қарқынын арттырып болғанша, Қазақстан көршілеріне азық-түлікпен көмектесе тұрады. 

Биыл Ауғанстанға 2 мың тоннаға жуық азық-түлік: ұн, макарон өнімдері,  сүйық май мен қою сүт жіберілген. Оның жалпы құны  – $941,7  мың. Былтыр Қазақстаннан гуманитарлық көмек алғандардың арасында Ауғанстан жоқ, ал Тәжікстанға сол 5 мың тонна ұн жіберілген. Алайда ол  кезде жіберілген ұнның құны  $1 млн 269 мың болған. 

2 полоса_Гуманитарная помощь-01.jpg

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg