1 view

Қытайда пневмонияның жаңа түрінен үшінші адам қайтыс болды

35 пациент ауыр жағдайда жатыр

Фото: Shutterstock

Қытайдың Ухань қаласында пневмонияның жаңа түрін жұқтырған үшінші адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау жөніндегі муниципалдық комитет.

Дерт жұқтырғандардың үшеуі де қаңтарда қайтыс болды, ал коронавирустың жаңа түрі туралы 2019 жылғы желтоқсанда белгілі болған-ды. Сонымен қатар, осы дертті жұқтырғандадың саны Уханьда 198 адамға жеткені хабарланып отыр. Аураханада 170 пациент жатыр, олардың 35 ауыр жаңдайда болса, тағы 9 адам хал үстінде жатыр. Дегенмен осы вирусқа шалддықан 25 адам сауығып шыққан.

Бұған қосарымыз, ауру жұқтырғандардың көпшілігі Уханьдағы теңіз өнімдері нарығында еңбек еткендер. Лондон Императорлық колледжі жанындағы Жұқпалы дерттердің ғаламдық сараптамасы орталығының ақпаратына сәйкес, коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың әлеуетті саны 1,7 мың адамнан асуы мүмкін.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер