Skip to main content

«Қорғас» ШЫХО қазақстандық бөлігінің жұмысы уақытша тоқтатылды

Үкімет коронавирустың тарауына жол бермеу және оның алдын алу шараларын қолға алды

Фото: Primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан аумағында коронавирустың тарауына жол бермеу және оның алдын алу шаралары жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды  ҚР Үкіметінің ресми сайты. 

 «ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан Қазақстан аумағына коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша шешуші ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырды», – деді А. Мамин.

Кеңес қорытындысы бойынша Үкімет басшысы келесі кешенді алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды:

1.    Мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде, оның ішінде әуе, автокөлік және темір жол көлігі нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауын күшейту;

2.    ҚХР-дан келген барлық адамдарға тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық бақылау орнату;

3.    Эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда халыққа қажетті көмек көрсететін медициналық ұйымдардың дайындығын қамтамасыз ету;

4.    Қытайға қызметтік іс-сапарларды шектеу, сондай-ақ жеке істер мен туристік мақсаттарда бармауға кеңес беру;

5.    ҚХР-дан келетін транзиттік жолаушыларға ҚР аумағына 72 сағаттық визасыз келу режимін уақытша тоқтату;

6.    «Қорғас» ШЫХО қазақстандық бөлігінің жұмысын уақытша тоқтату;

7.    ҚХР аумағындағы қазақстандық азаматтармен оларға консулдық және өзге де көмек көрсету мақсатында жұмысты жандандыру;

8.    Мемлекеттік органдар коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру мақсатында ҚХР және басқа да мүдделі елдердің тиісті мемлекеттік құрылымдарымен қажетті өзара іс-қимылды ұйымдастыруы тиіс;

9.    Қажет болған жағдайда ҚХР Ухан қаласында жүрген Қазақстан студенттері мен ҚР басқа да азаматтарын шұғыл эвакуациялауды қамтамасыз ету;

10.    Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаевтың төрағалық етуімен ведомствоаралық комиссия құру, оған Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды.
 

 

 

banner_wsj.gif

Қашықтан оқуға Қазақстан дайын емес пе?

Карантиннің арқасында білім саласы дамитын секілді

Фото:https: shutterstock.com

Төтенше жағдай айтып келмейді. Карантин жарияланған соң, қоғамның көп саласында қиындық туды. Соның ішінде білім саласы көптен бері айтылып жүрген қашықтан оқу мәселесімен бетпе-бет келді. Сөз жүзінде айта-айта жақ талғанмен, іс жүзінде аса дайын болмай шықтық.

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп осы сәтті тиімді пайдалану керек дейді. «Қашықтан оқыту үрдісі басталғалы мұғалімдерде маза жоқ. Біресе Zoom-ға кіріңдер, біресе бағыттық қағазға өтіңдер деп жатса керек.  Бұрын мектепке әзер баратын баланың өзі «Мектепті сағындым» деп жатыр. Жағдайды тиімді пайдалану керек. Бұрын цифрландыру туралы жалпылама айтылып, ертегі секілді созылып келген болса, енді мүмкіндікті пайдаланып бәрін тез реттеп алу қажет. Кез келген жаңа нәрседе қиындық болады. Бірақ басқа амал жоқ: не болса да бұл жолдан өту керек. Қазақстан бойынша интернет желісінің қуаты мен жылдамдығын арттыруға күш салу қажет. Үкіметтің бір міндеті - осы. 
Ата-аналар мен ұстаздар қауымы барынша түсіністік тауып, желіге жылдам қосылудың мүмкіндігін қарастырғаны абзал. «Басқа түссе - баспақшыл» дегендей, ел болып бұрын арман болып келген цифрландыру шараларын тезірек жасап алғанымыз – ұлтқа олжа»,– дейді депутат. 

Онлайн оқыту оңай ма?

Сабақ өткізуге қатысты ұстаздар пікірі екіге бөлініп жатыр. Бір тарапқа онлайн форматта оқыту оңай болса, енді бірі Whats App желісін қолданған қолайлы дейді.

«Мектепте 26 наурыздан бастап төртінші оқу тоқсаны әдеттегідей басталды. Қазіргі жағдайға байланысты бір сыныпқа аптасына төрт сабақ болатын болса, саны екіге азайтылды. Күні бүгінге дейін сабақты Zoom бағдарламасы арқылы өткізіп келеміз. Дәріске сынып жетекшісі, мектеп әкімшілігі, ата-аналар қатыса алады. Қолданғалы кемшілігін көрмедім. Ақау байланыстың әлсіздігіне байланысты ғана болды. Ол - барлық жерде бар мәселе. Дұрыс дыбысы шықпай, бейне нашар көрініп жатты. Бағдарламада сабақты жазып алу мүмкіндігі бар. Сөйтіп қатыспаған оқушылардың электронды поштасына жолдаймыз. Сабақ соңында тапсырма береміз. Яғни кері байланыс орнатамыз. Тағы бір ерекшелігі - мұғалімге толықтай басқаруға мүмкіндік берілген. Оқушылардың қатысымы, тәртібі - бақылауда. Бастысы қосымшаны дұрыстап меңгеріп алса болғаны деп ойлаймын»,– деді Spectrum халықаралық мектебінің мұғалімі Бақдәулет Ералы

Whats App арқылы білім алсақ…

Сұлтан Сүлеев мессенджер арқылы оқытуды қолдап отыр.

«Баланың түрін көріп отырып онлайн сабақ өтеміз дегені  құптарлық. Бірақ соған интернеттің шамасы келер ме екен? Сабақ  басталмай тұрғанның өзінде әлсіз. Күні ертең сабақ басталғанда  қандай болады? Осы қиын кезде баланың түрін көру басты міндет  емес, баланың бағдарламадан қалып қалмауын ойлау керек шығар? Бастысы балаға тапсырма беріп, қалай орындалуын пысықтап, оқулық  пен  ресурстарды ұсынсақ жеткілікті. Келесі сабақты күтпей-ақ  оқушылардың тапсырманы орындау уақытына байланысты тексеріп,  қорытындылап отырса да болады. Ол үшін ең қолжетімді байланыс  құралын  таңдау керек. Бұл жердегі басты саясат: оқушының да, ата-анасының да ығырын шығармау. Ашуланған ата-ана интернет  үшін  айдаладағы мұғалімді кінәлайтыны белгілі. Интернетке үш қайнаса  сорпасы қосылмайтын мұғалімнің бұл жерде қандай кінәсі бар екенін  ешкім ойламайды. Мен мысалы өз сабағымның нобайын келтіріп  қойдым. Үш  деңгейлік  тапсырма, орындау, жөнелту уақыты келесі  сабаққа дейін болса болды. Сабағым аптасына бір-екі реттен ғана  болады, балаларым да  аз. Кластың  30-50 проценті ғана кері  байланысқа түседі. Қалғандары оқулық пен ресурстарды пайдалана  отырып, бағдарламадан қалмай оқыса жетеді. Мұндай жұмысты  атқаруға Whats App желісінен артық платформа көріп отырған жоқпын.  Бала да, ата-ана да жақсы таныс.  Сондықтан пайдалану аса қиындық  туғыза қоймас. Және интернеттің үздіксіз болуын да талап етпейді.  Интернет пайда болғанда жазбалар адресатқа түсе береді. Бастысы –оқушы мен ата-ананың мотивациясын жоғалтпау». 

Қашықтан оқу – карантиннен кейін де керек әдіс

Daryn Online жобасының құрушысы Айбек Қуатбай ел аумағын ескере отырып, қашықтан оқытуды барынша дамыту керегін шегелеп айтып отыр.

«Қазақстанның жоғары оқу орындары үшін қашықтан оқу – тың дүние емес. Дегенмен ЖОО-ларымыздың өзінде проблема жеткілікті. Негізі онлайн оқу бүкіл әлем бойынша трендке айналып келеді. Қазақстанның аумағы үлкен екенін ескерсек, қашықтан оқуды дамыту тіпті қажет. Өйткені әрі-бері жүрістің өзі біршама уақыт алады. Қашықтан оқу біріншіден, практикалық-техникалық жағынан ғана емес, адамның ментальды дайындығы жағынан да осалдау болып отыр. Айталық, «қатыспасаң баға қоймай қоямын» деген сияқты қорқытып оқытады. Жалпы онлайн оқытудың синхронды және асинхронды деген екі түрі бар. Алғашқысы тікелей эфир секілді, бірнеше оқушы кіріп, тыңдайды. Осы тұста бірнеше келеңсіздік туындайды. Сабақ барысында біреудің баласы келіп қалуы мүмкін, жеке шаруасы шығып, уақыты болмай қалады дегендей. Жалпы онлайн оқыту дегеніміз - 70 пайыз видеороликтен тұрса, қалғаны кері байланыстан құралады. Екіншісі, жазба түрінде оқытуға сүйенеді. Әлемдегі жағдайға байланысты қашықтан оқуға көшетініміз шешілгеннен кейін 15 күннің ішінде техникалық мамандар ешқандай күтпеген жағдайлар болды. «Цифрлы Қазақстан», интернетпен 90 пайыз аумақты қамтиды деп жүргенде шын мәнінде олай емес екеніне көзіміз жетті. Техникалық-практикалық жағынан мұғалімдеріміз IT-технологиялармен жұмыс істеуге дайын емес екен. Дегенмен еліміздің цифрлы дамуына дәл осы керек боп тұрған сияқты. Өйткені ата-ана, ұстаз, оқушылардың кең қолдануына алып келді. Дәл қазіргі таңда біздегі интернеттің жағдайы «Цифрлы Қазақстандағы» түрлі есептерде көрсетілгендей емес. Одан бірнеше есе аз, сапасы төмен. Меніңше, біздің халықтың ақпараттық сауатының төмен болуы – интернеттің нашарлығынан. Бізде e-mail ашу, үйде смартфонның болмауы, теледидардың жоғы сынды проблемалар болды. Министрлік жергілікті басқару органдарынан тиісті құралдарды алып берді. Бұл жақсы шешім болды. Осы төртінші тоқсанды жан-жақтан бірігіп, алып шыға аламыз деп ойлаймын. Билік көрді. Елдің тұрмыстық жағдайы орта деңгейден төмен. Яғни бір отбасыда бір смартфонның болмауы сынды мәселелер бар. Екіншіден, желінің әлсіз болуы. Осыны дамытып,  бүкіл Қазақстан аумағын кем дегенде 4G-мен қамтамасыз ету керегін түсінген секілді. Қашықтан оқу–карантиннен кейін де керек әдістің бірі". 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif