Skip to main content

Қазақстандық тау шаңғысы курорттары ТМД-дағы ең танымал атанды

Тізімге Шымбұлақ, Алтай Альпілері және Нұртау кірген

Фото: Aureliy/Shutterstock

ТурСтат 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы демалыс үшін ТМД елдеріндегі тау шаңғысы курорттарының ең жақсылары мен үздіктерінің рейтингісін жариялады.

Ең танымал тау шаңғысы курорттарының тізімін Қазақстан бастаған (Шымбұлақ, Алтай Альпілері және Нұртау). Ең жақсы тау шаңғысы курорттары ретінде Қазақстандағы Шымбұлақ, Табаған, Ақ Бұлақ, Алтай Альпілері, Нұртаудың екеуі де (біреуі Өскемен маңында, ал екіншісі – Бурабайдың қасында) атанған.

ТМД елдерінің 2020 жылғы ең танымал тау шаңғысы курорттары:

1.    Қазақстан: Шымбұлақ, Алтай Альпілері және Нұртау
2.    Беларусь: Логойск, Силичи және Якут таулары
3.    Әзірбайжан: Шахдаг және Туфандаг
4.    Армения: Цахкадзор және Джермук
5.    Қырғызстан: Қаракөл
6.    Өзбекстан: Шымған, Белдерсой және Амирсой.

banner_wsj.gif

Түркиядан оралған қазақстандықтардан коронавирус анықталған жоқ

Бүгін олар арнайы автобуспен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді

Фото: pavon. kz

Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласының 34 тұрғыны арнайы ұйымдастырылған автобуспен елордаға кетті. Олар Павлодарға Түркиядан  4 сәуір күні эвакуациялық рейспен ұшып келген еді.

Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдіктері өзара келісімге келген: арнайы жасақталған автобус елордалық тұрғындарды карантиндік госпитальдан Нұр-Сұлтандағы бақылау-өткізу пунктіне дейін жеткізеді. Сол жерден оларды елорданың әкімдігі жіберген арнайы көлік күтіп алады. Барлық рәсімдер эпидемияға қарсы дезинфекциялық шаралар режимін қатаң сақтай отырып жүргізіледі.

Қалған жолаушылар, оның ішінде Павлодар облысының тұрғындары да бар, карантиндік госпитальде қалады. Олар сол жерде 14 күн бойы  медициналық бақылауда болады.

Айта кетейік, рейстегі 102 жолаушыдан алынған талдау нәтижелері бойынша, ешкімнен коронавирус инфекциясы анықталмады.
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif