Skip to main content

Қазақстан медициналық бетперде мен өзге де құралдарға 1,5 млрд теңге бөледі

Үкімет коронавирусқа қарсы шараларды қолға алуда

Фото: Shutterstock

Үкіметтің қорынан медициналық бетперде мен қорғаныс құралдарына 1,5 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы 30-қаңтар күні вице-премьер Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, ауырып қалған жағдайда тұрғындарға медициналық көмек қажет болса – қаржы да, құралдар да дайын. Медициналық бетперде тапшылығы тұрғындардың дүрлігіп, кейбір дәріханалардан жаппай сатып алуына байланысты. Осы орайда, вице-премьер дәріханаларда бетперде жоқ болса, бірден хабарлауды ұсынды. 

«Біздің адамдар бірден үрейге беріліп, қорап-қорабымен сатып ала бастайды. Оның еш қажеті жоқ. Медициналық бетперде жеткілікті. Егер қандайда бір дәріханалардан табылмай жатса, бізге хабарлаңыздан, бірден жеткіземіз»,– деді Сапарбаев. 

Вице-премьер қазақстандық студенттерді Қытайдан алып келу бойынша да шаралар қолға алынғанын айтып өтті. Елге қайтқысы келген студенттерге Қазақстан арнайы ұшақ дайындап қойған. Сондай-ақ, студенттердің каникулдарын ұзарту мәселесі де қарастырылып жатыр. 

«Ең бастысы – Қытай тарабымен келісімге келу, өйткені екі ел арасында қол қойылған халықаралық келісімдер бар, біз соның аясында жұмыс істеуіміз керек», – деді вице-премьер. 

Сонымен қатар, қазақстандық туристер де елге оралып жатыр. «Қытайда жүрген 680 турист туралы айтсақ, олардың жартысы елге келді. Алдағы бір-екі күнде қалғандары да Қазақстанға оралуы тиіс», – деп атап өтті Сапарбаев. 

Ал Қытайдан келген кісілердің бәрі 14 күн бойы карантинде болады. 

«Егер денсаулығы жақсы болса, қан алып, сараптама жүргізген соң, олар ауруханадан шығарылады. Арасында аурулары анықталса, емдейміз. Әуежайда оларға медициналық қызметкерлерден басқа ешкім жоламайды. Оларды арнайы автобуспен осы клиникаға апарады», – деді Сапарбаев. 

banner_wsj.gif

Қашықтан оқуға Қазақстан дайын емес пе?

Карантиннің арқасында білім саласы дамитын секілді

Фото:https: shutterstock.com

Төтенше жағдай айтып келмейді. Карантин жарияланған соң, қоғамның көп саласында қиындық туды. Соның ішінде білім саласы көптен бері айтылып жүрген қашықтан оқу мәселесімен бетпе-бет келді. Сөз жүзінде айта-айта жақ талғанмен, іс жүзінде аса дайын болмай шықтық.

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп осы сәтті тиімді пайдалану керек дейді. «Қашықтан оқыту үрдісі басталғалы мұғалімдерде маза жоқ. Біресе Zoom-ға кіріңдер, біресе бағыттық қағазға өтіңдер деп жатса керек.  Бұрын мектепке әзер баратын баланың өзі «Мектепті сағындым» деп жатыр. Жағдайды тиімді пайдалану керек. Бұрын цифрландыру туралы жалпылама айтылып, ертегі секілді созылып келген болса, енді мүмкіндікті пайдаланып бәрін тез реттеп алу қажет. Кез келген жаңа нәрседе қиындық болады. Бірақ басқа амал жоқ: не болса да бұл жолдан өту керек. Қазақстан бойынша интернет желісінің қуаты мен жылдамдығын арттыруға күш салу қажет. Үкіметтің бір міндеті - осы. 
Ата-аналар мен ұстаздар қауымы барынша түсіністік тауып, желіге жылдам қосылудың мүмкіндігін қарастырғаны абзал. «Басқа түссе - баспақшыл» дегендей, ел болып бұрын арман болып келген цифрландыру шараларын тезірек жасап алғанымыз – ұлтқа олжа»,– дейді депутат. 

Онлайн оқыту оңай ма?

Сабақ өткізуге қатысты ұстаздар пікірі екіге бөлініп жатыр. Бір тарапқа онлайн форматта оқыту оңай болса, енді бірі Whats App желісін қолданған қолайлы дейді.

«Мектепте 26 наурыздан бастап төртінші оқу тоқсаны әдеттегідей басталды. Қазіргі жағдайға байланысты бір сыныпқа аптасына төрт сабақ болатын болса, саны екіге азайтылды. Күні бүгінге дейін сабақты Zoom бағдарламасы арқылы өткізіп келеміз. Дәріске сынып жетекшісі, мектеп әкімшілігі, ата-аналар қатыса алады. Қолданғалы кемшілігін көрмедім. Ақау байланыстың әлсіздігіне байланысты ғана болды. Ол - барлық жерде бар мәселе. Дұрыс дыбысы шықпай, бейне нашар көрініп жатты. Бағдарламада сабақты жазып алу мүмкіндігі бар. Сөйтіп қатыспаған оқушылардың электронды поштасына жолдаймыз. Сабақ соңында тапсырма береміз. Яғни кері байланыс орнатамыз. Тағы бір ерекшелігі - мұғалімге толықтай басқаруға мүмкіндік берілген. Оқушылардың қатысымы, тәртібі - бақылауда. Бастысы қосымшаны дұрыстап меңгеріп алса болғаны деп ойлаймын»,– деді Spectrum халықаралық мектебінің мұғалімі Бақдәулет Ералы

Whats App арқылы білім алсақ…

Сұлтан Сүлеев мессенджер арқылы оқытуды қолдап отыр.

«Баланың түрін көріп отырып онлайн сабақ өтеміз дегені  құптарлық. Бірақ соған интернеттің шамасы келер ме екен? Сабақ  басталмай тұрғанның өзінде әлсіз. Күні ертең сабақ басталғанда  қандай болады? Осы қиын кезде баланың түрін көру басты міндет  емес, баланың бағдарламадан қалып қалмауын ойлау керек шығар? Бастысы балаға тапсырма беріп, қалай орындалуын пысықтап, оқулық  пен  ресурстарды ұсынсақ жеткілікті. Келесі сабақты күтпей-ақ  оқушылардың тапсырманы орындау уақытына байланысты тексеріп,  қорытындылап отырса да болады. Ол үшін ең қолжетімді байланыс  құралын  таңдау керек. Бұл жердегі басты саясат: оқушының да, ата-анасының да ығырын шығармау. Ашуланған ата-ана интернет  үшін  айдаладағы мұғалімді кінәлайтыны белгілі. Интернетке үш қайнаса  сорпасы қосылмайтын мұғалімнің бұл жерде қандай кінәсі бар екенін  ешкім ойламайды. Мен мысалы өз сабағымның нобайын келтіріп  қойдым. Үш  деңгейлік  тапсырма, орындау, жөнелту уақыты келесі  сабаққа дейін болса болды. Сабағым аптасына бір-екі реттен ғана  болады, балалары