Қазақстан қылмыскерлерді Бразилияға ұстап береді

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Екі мемлекет арасында құқықтық көмек көрсетіледі

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан мен Бразилия арасында адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

«2016 жылдан бері екі ел арасында визасыз режим жұмыс істейді. Ал шарттың өзіне келсек, ол мемлекеттер арасында іздеуде жүрген адамдарды қылмыстық жауапқа тарту және сот үкімін орындау үшін экстрадициялау мәселелерін шешеді. Егер қылмысты Қазақстанда жасап, Бразилияда жасырынып жүрсе, ол бірден қамауға алынып, Қазақстанға беріледі. Керісінше, қылмыскер Қазақстанда жасырынып жүрсе, біз оны Бразилияға қайтаруға міндеттелеміз», – деді Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов. 

Бұл құжатқа екі тарап 2018 жылдың 20 маусымында қол қойған. 

Құжатта ұстап берумен қатар, одан бас тарту негіздері бекітілген. Ахметжанов қазіргі кезде қазақстандық соттан қашып, Бразилияда жасырынып жүргендер анықталмаған дейді. Сондай-ақ, Бразилия билігі іздеу салған қылымыскерлер де  Қазақстанда жоқ екен. 

«Құжаттың басты мақсаты – алдын алу. Қазірге дейін Қазақстан 21 мемлекетпен осындай келімсіге қол қойды. Алдағы уақытта Аргентина, Перу, Доминикан, Кипр, Малайзия және Грециямен келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз», – деді Бас прокурордың орынбасары.

Сондай-ақ оқыңыз