Қазақстан ҚХР-мен көлік қатынасын уақытша тоқтатты

Жарияланды
Сондай-ақ виза беруді шектеді

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылданды. Қытай азаматтарына виза беру уақытша тоқтатылды. Бұл турасында Primeminister.kz хабарлады. 

Сонымен қатар, 29 қаңтардан бастап екі ел арасындағы жолаушылар автобусының тасымалы уақытша тоқтатылды, жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады, 3 ақпаннан бастап жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады. 

Бұдан бөлек, Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады, сондай-ақ су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды.

Ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режимде қадағалауда. 29-қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясымен сырқаттану оқиғасы тіркелмеген.

Бұдан бұрын, өткен тәулікте, Қытайдағы коронавирус салдарынан қаза болғандар саны 131 адамға жеткені, 107 адамның сауыққаны, ал дертті жұқтырғандар саны 5 578 адамға жеткені хабарланған болатын. 

 

Сондай-ақ оқыңыз