1 view

Қазақстан ГРЕКО-ға кірді

Қазақстан ГРЕКО-ға кірді

Иллюстрация: Pixabay

Бүгін Орталық коммникациялар қызметі алаңшасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы елдер тобына (ГРЕКО) кіруінің қандай мүмкіндіктер ашатыны туралы айтып берді.

«Бірінші кезекте, Еуропа Кеңесінің сарапшылары әлемдік үздік тәжірибеге және халықаралық құқықтық-нормативтік актілерге сәйкестігін білу мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға және жалпы, елмізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп отырған саясатқа тұрақты мониторинг жүргізетін болады», – деді Бектенов.

Мониторингтің әр раундының нәтижелері бойынша, еліміздегі заңнаманы өзгерту немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін көтеру мақсатында ұйымдастыру шараларын қолдану жөніндегі ұсыныстар беріліп отырады.

«Екіншіден, аса маңызды дүние, ГРЕКО-ға кіргеннен кейін, қазақстандық сарапшылар да ГРЕКО-ға қатысушы басқа елдерде мониторинг жасау үшін Еуропа Кеңесінің бағалау тобына кіруге мүмкіндік алады», – деп хабарлады Агенттік төрағасының бірінші орынбасары

Оның айтуынша, қазақстандық сарапшылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өз тәжірибесімен ұйымға кіретін басқа елдермен бөлісе алады. Бұдан бөлек, біздің мамандар Еуропа Кеңесі алаңында талқыланатын және қабылданатын шешімдерді дайындауға қатысады.

«Үшіншіден, ГРЕКО-ға кіру Қазақстанға Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық (…) жауапкершілік Конвенциясын ратифициялауға, яғни бекітуге жол ашады. Бүгінгі күні Конвенцияны 48 мемлекет ратифициялаған. Оны бекіту болашақта қылмыскерлерді экстрадициялау, шетелдерге шығарылған активтерді елге қайтару бойынша шетелдік әріптестермен неғұрлым тиімді қызметтесуге мүмкіндік береді», – деді сөзін нақтылай түскен ол.

ГРЕКО 1999 жылы мүше елдердегі сыбайлас жемқролыққа қарсы саясатты жетілдіру мақсатында құрылған. Ол қатарына АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Швеция, Норвегия және тағы басқалары кіретін 49 мемлекетті біріктіреді. Поскеңестік мемлекеттерден ГРЕКО-ға Ресей, Әзірбайжан, Грузия, Украина, Молдова, Беларусь мүше. Қазақстан ұйымның 50-ші мүшесі болды.

Өткен жылғы 15-қазанда Страсбургте Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы келісімге қол қойылды. Ал 2019 жылғы 30-желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев осы келісімді бекіту туралы заңға қол қойды. 


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер