Қаңтарда Қазақстанға Қытайдан 25 мыңнан аса адам кірген

Жарияланды
Солардың төртеуі түрлі инфекциямен аурухана жатқызылған

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкіметте өткен баспасөз-жиыны барысында Қытайдан тарап жатқан коронавирусқа қатысты жағдай туралы айтып берді. 

«2020 жылдың 6 қаңтарынан бері ҚХР-дан 25 858 адам кірді. Оларға қатысты барлық деректерді кеден қызметі Денсаулық сақтау министрлігіне жолдап, одан әрі бақылау комитеті арқылы жергілікті ақтарушы органдарға берілді. Тұрғылықты жердегі емханаларда осы азаматтармен байланыс орнатылып жатыр», – деді министр. 

Қытайдан келген азаматтардың арасында қызуы көтерілгендер анықталған. 

«Қазіргі кезде 23 адамның қызуы көтерілгені анықталды, олардың бәрі бақылауда. 4 кісі түрлі вирустық инфекция жұқтырды деген қауіппен ауханаға жатқызылды. Вирустық инфекциялардың арасында нақты айырмашылық болмаған соң, оларды  жіті респираторлық вирустық инфекция деп ауруханаға жатқыздық. Олардың бәрінен қан сынамасы алынып, үш күн ішінде толыққанды диагностика жасалады. Тиісті ем жүргізіледі»,– деді Біртанов. 

Соңғы деректер бойынша, Қытайда 107 адам коронавирустан қайтыс болған.

Сондай-ақ оқыңыз