«Қамауға алынды» деген Павлодар облысының әкімі әлеуметтік желіге шықты

Оның Instagramында жаңа пост жарияланды

Фото: из открытых источников

Кеше қамауға алынды-мыс деген Болат Бақауов Instagram-ға жаңа пост жариялады.

"Бүгін индустриялық-инновациялық даму, сондай-ақ кәсіпкерлік және сауда басқармаларының алқа мәжілісі өтті. Өкінішке қарай, былтыр инвестициялық жобалардың барлығын жүзеге асыру мүмкін болмады. Инвесторлар бюджет қаражаты есебінен қажетті инфрақұрылымдар салынғаннан кейін өз міндеттемелерін орындамаған жағдайлар кездесті. Сонымен қатар, өңірде қомақты инвестиция салынып, бірақ тоқтап тұрған кәсіпорындар бар. Мәселен, Екібастұздың теміржол кластеріндегі үш кәсіпорыны тапсырыс ала алмай келеді.
Осы және өзге де мәселелерді шағын және орта бизнестің, ірі компаниялардың өкілдерімен болған кездесуде талқылап, пысықтадық. Әрбір проблемада мемлекеттік органдар тарапынан кеткен кемшіліктер де бар деп ойлаймын. Біз бұл бағыттағы жұмысты жақсартатын боламыз", - делінген 10 сағат бұрын жасалған жарияланымда.

Сонымен қатар, пост мәтінінде Павлодар облысының басқа да басқармаларының қатысуымен алқа мәжілісі форматындағы кездесулердің жалғасатыны туралы айтылған.

Сәрсенбі, 15-қаңтарда БАҚ-та Павлодар облысы әкімінің өзінің көмекшісі және орынбасарларының бірімен бірге Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан қамауға алынғаны туралы ақпарат жарияланған-ды. Кейінірек әкімдік осы хабарламаларға қатысты пікір біәлдірген болатын. 

«Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Павлодар облысы әкімі қамауға алынды және одан жауап алынды-мыс деген аудиожазбалар және хабарламалар таруда. Қазіргі таңда бұл ақпаратты растаған ешқандай ресми мәлімдемелер жасалған жоқ. Сондықтан сіздерден сабыр сақтап, ресми мәліметтер жарияланғанша, қандай да бір қорытынды жасамауда өтінеміз. Біз сіздерді орын алып жатқан жәйттерден хабардар етіп отыруға тырысамыз», -делінген Павлодар облысының Facebook-тегі парақшасында.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg