1 view

Иранның СыртқыІсМині авиаапат бойынша мәлімдеме жасады

Ведомство оқиғаға саяси сипат бермеуді өтінді

Фото: Novosti.az

Иранның СыртқыІсМині Тегеран маңында украиндық авиалайнердің апаты салдарынан азаматтары қазаға ұшыраған елдердің барлығын орын алған оқиғаны саясиландырмауға шақырды, деп хабарлайды Isna агенттігі мен ведомствоның өкілі Аббас Мусавиге сілтеме жасаған Интерфакс-Казахстан.

«Біз барлық елдерді адами факторға байланысты мәселелерді, атап айтқанда, осы қайғылы оқиғаны саяси сипаттағы мәселеге айналдырмауға шақырамыз», деп жазды Муссавидің сөзін келтірген агенттік.

Ол украиналық Boeing апаты жағдайында Иран билігінің әріптестігі «барлық күтілімдерден асып түскенін» атап өтті.

8-қаңтарда Украина халықаралық әуе жолдарының Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы Тегеран-Киев бағыты бойынша рейсті орындау барысында Тегеран әуежайынан аспанға көтерілісімен, отқа оранып, құлаған болатын.

Әуе кемесінің бортында болған барлық 176 адам қаза болды,олардың арасында Иран, Украина, Канада, Ұлыбритания, Германия, Швеция және Ауғаныстан азаматтары болған.

11-қаңтарда Иран билігі Boeing ирандық әскерилер жіберген қате салдарынан атылып құлатылғанын мойындады. Кейінірек, Ислам революциясы жасақшылары корпусы аэроғарыш күштерінің қолбасшысы Амир Али Хаджизаде украиналық ұшақ апаты үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдеді.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер