1 view

Ираннан қаймыққан АҚШ қару-жараққа 2 трлн доллар жұмсады

Бұл туралы Трамп өз парақшасында жазған

Фото: Shuttersto

Егер Иран АҚШ-қа немесе оның азаматтарына қауіп төндіретін қандай да бір іс-әрекетке барса, Вашингтон жалтақтамай, мемлекет қазынасына 2 триллион долларға түскен қару-жарақтың жаңа түрін Тегеранға қарсы қолданады, деп мәлімдеді АҚШ президенті. Бұл турасында Интерфакс-Қазақстан агенттігі хабарлайды.

«Америка Құрама Штаттары жақында ғана әскери техникаға екі триллион доллар жұмсады. Біз әлемдегі ең іріміз және, сөзсіз, ең үздікпіз! Егер Иран АҚШ базасына немесе кез келген жердегі америкалық базаға шабуыл жасаса, біз оларға қарсы жап-жаңа, тамаша жабдықтың бір бөлігін еш ойланбастан қолданамыз!»–деп жазды ол өзінің Туиттерінде.

 Бұған дейін, Трамп, егер Тегеран америкалықтарға немесе Американың объектілеріне қарсы шабуыл жасаса, АҚШ Иранның 52 нысанына соққы беруге дайын екенін ескерткен еді.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер