Skip to main content

Депутаттар Қытайда жүрген бүкіл қазақстандықтарды эвакуациялауды ұсынды

Сонымен қатар, туристік фирмалардың ақшаны қайтару мәселесін шешу де ұсынылуда

Фото: AP Photo/Mark Schiefelbein

Мәжіліс депутаттары Үкіметке Қытайдың коронавирус өршіп тұрған қалаларында жүрген бүкіл қазақстандықтарды елге қайтаруды ұсынды.  

Nur Otan париясы фракциясының депутаттары Құралай Қаракен, Асқар Базарбаев пен Павел Казанцевтің ҚР премьер-министрі Асқар Маминің атына жолдаған сауалында:
 

«Өкінішке қарай, халыққа ара-тұра  хабар жеткізіп тұру қоғамды ақпараттандыру үшін жеткіліксіз, салдарынан, түрлі қаңқу сөз бен болжам көбейеді. Бос кеңістік жорамал мен үрейге толып барады. Осыған байланысты, Ухань қаласындағы ғана емес, инфекция жайлаған Қытайдың өзге қалаларында жүрген Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесін қарастыруды;

ҚР Білім министрлігіне ҚХР білім министрлігімен бірлесе отырып, инфекция жұқтыру қауіпі сейілгенше, Қытайда оқып жүрген студенттерге каникул беру мәселесін қарастыруды ұсынамыз», – делінген.

Депутаттар сонымен қатар, Қазақстанға келген азаматтарға медициналық бақылауды күшейтіп, «екі бағытқа да тауар тасымалдау мен азаматтардың кіріп-шығуын тоқтату қажеттігіне» мән берген.

Қоғамға жан-жақты, толыққанды ақпарат тарату үшін Telegram-канал ашып, халықтың сұрағына жауап беретін орталық ашу ісі де қолға алынуы керек. 

Одан бөлек, «Қазақстанның ҚХР-мен өте тығыз сауда-экономикалық байланысын және көптеген қазақстандық кәсіпорындардың Қытай тарапымен тауар мен қызмет жеткізуге келісімшарттық міндеттемелеріне байланысты, сондай-ақ қос тараптың экономикалық  байланысы үшін жағымсыз салдардың болмауы мақсатында, депутаттар бұл мәселені үкімет деңгейінде қос тараптың «форс-мажор» жағдайы деп  қарастыруды» сұрайды. 

banner_wsj.gif

Токаев призвал военнообязанных на спецсборы

Комплектуются территориальные войска ВС РК

Фото: akorda.kz

2 апреля президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал указ о призыве военнообязанных страны на специальные сборы. Текст документа опубликовала Акорда.

Токаев постановил призвать военнообязанных на специальные сборы для укомплектования территориальных войск вооруженных сил Республики Казахстан.

Местным исполнительным органам столицы, городов республиканского значения и областей было поручено по согласованию с генеральным штабом вооруженных сил Республики Казахстан организовать и обеспечить проведение призыва военнообязанных на специальные сборы через соответствующие местные органы военного управления, определив количество призываемых военнообязанных и сроки проведения специальных сборов.

Указ вводится в действие со дня опубликования – 2 апреля.

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif