1 view

Болат Бақауовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ол өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген

Фото: instagram.com/pavlodar_region

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты пікір білдірді.

«Ағымдағы жылғы 15-қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты лауазымдық өкілеттерін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің  362 бабының 2-бөлімі 3-тармағына сәйкес тіркелген қылмыстық істің аясында жедел-тергеу шаралары жүзеге асырылды», - деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, қазіргі таңда тергеу амалдарының жалғасып жатқаны хабарланды. Тергеу мүдделеріне сәйкес басқа мәліметтер жарияланбай отыр.

Естеріңізге салсақ, 15-қаңтарда әлеуметтік желілерде Болат Бақауов пен Арыстан Қабыкеновтың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасады деген күдікпен қамауға алынғаны және облыстық әкімдікте тінтулер жүргізілгені туралы ақпарат тараған болатын. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер