Апатқа ұшыраған Bek Air жолашылары мемлекеттік өтемақыны әлі күнге дейін алмаған

Жарияланды
Президент Алматы түбіндегі авиаапаттан зардап шеккендерге берілетін төлемдерді еске салды

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында Bek Air авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу жөніндегі жағдайға назар аударды.

«Маған зардап шеккендерден хаттар келіп жатыр, олар ақшалай өтемақы алмаған, адамдар ауруханаларда жатыр, кейбіреулері еңбекке жарамсыз болып қалды. Осыған байланысты не істелініп жатыр?», – деп сұрады мемлекет басшысы премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдан.

«Сіздің такпсырмаңыз бойынша, қаза болғандардың отбасына төрт миллион теңгеден төленді. Бұдан бөлек, осы рейсте болған барлық жолаушылардың барлығы сақтандырылды.  Сақтандыру компаниясы Жақын арада төлемдер жасайтын болады. Барлық қажетті қағаздар рәсімделген. Мұның бәрі біздің бақылауымызда», – деді Скляр.

Сонымен қатар, ол мемлекет тарапынан жасалатын өтемақы туралы да айтты.

«Барлығы 52 адам зардап шекті. Олар түрлі аймақтардың өкілдері. Оларға жергілікті атқару органдары мен еңбек және әлеуметтік қорғау тарапынан көмек көрсетіледі. Бұл қосымша шара ретінде», – деп қосты сөзін нақтылай түскен үкімет басшысының орынбасары.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы істі жеделдетіп, аталмыш мәселені жақын уақытта шешуді тапсырды.

«Бек Эйр» авиакомпаниясының Fokker-100 жолаушылар ұшағы 2019 жылғы 27-қаңтарда (07.22, Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы №Z2100 рейсі) Алматы маңында аспанға көтерілісімен бірден апатқа ұшырады. Апат салдарынан 12 адам қаза болды, оның ішінде экипаж командирі бар, 49 адам зардап шеккен. Әуе кемесінің бортында 93 жолашы  және экипаждың 5 мүшесі болған. Апаттың алдын ала себебі – мұз қату.
 

Сондай-ақ оқыңыз