1 view

Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші пилоты қайтыс болды

Авиаапат өткен жылғы 27-желтоқсанда орын алған-ды

Фото: пресс-служба Международного аэропорта Алматы

Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші пилоты қайтыс болды, деп хабарлайда «ҚазАқпарат» ХАА.

Қаланың қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі екінші пилот Міржан Молдақұловтың 21-қаңтарда №4 Қалалық клиникалық ауруханадан денсаулығының тұрақты жаңдайында, тұрғылықты жерінде емханадан амбулаториялық ем қабылдау үшін үйіне шығарылғанын хабарлады.

«Емханада ол дәрігерлердің – кардиологтың, хирургтің, терапевтің, психологтың бақылауында болды. Бүгін сағат 18.00-де ол денсаулығы күрт нашарлаған жағдайда Жедел жәрдем қызметіне жеткізілді. Жедел жәрдем дер кезінде жетті, жүрек қызметін қалыпқа келтіру үшін барлық жансақтау шаралары атқарылды, бірақ олар еш нәтиже бермеді», – деді қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірген басқарма өкілдері.

2019 жылғы 27-желтоқсанда Алматы –Нұр-Сұлтан бағыты №2100 рейсін орындаған Bek Air авиакомпаниясының ұшағы аспанға көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетон қоршауды бұзып өтіп, екі қабатты құрылыс нысанымен қақтығысқан болатын. Әуе кемесінің командирі оқиға орнында қаза болды. Авиаапат салдарынан, барлығы, 12 адам мерт болды.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер