1 view

11 айда 41 мыңнан астам қазақстандық елден кеткен

Ал республикаға келушілердің саны қысқаруда

Фото: Shutterstock

2019 жылғы қаңтар-қараша аралығында 41 819 адам Қазақстаннан кеткен, бұл 2018 жылдың осы мерзіміндегіге қарағанда, 6,3% көп, деп хабарлайды ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитеті.

Республикадан кеткендердің көпшілігі ТМД елдеріне бағыт алған, мұндайлардың саны  –37 890 адам (бір жыл бұрын 35 544 адам болған). Басқа елдерге 3 929 адам бет алған (бір жыл бұрын 3 813 адам болған).

2019 жылғы қараша-қаңтарда 2018 жылғы қараша-қаңтармен салыстырғанда, Қазақстанға келушілердің саны 5,2%-ға азайған - республикаға 10 949 адам келген, оның ішінде, ТМД елдерінен 8 505 адам келсе, Қазақстаннан кеткендердің саны 6,3% ұлғайған.

Негізгі көші-қоң алмасуы ТМД мемлекеттері арасында орын алып отыр. ТМД елдерінен келгендердің және осы елдерге кеткендердің саны тиісінше, 77,7% және 90,6% құрады.

Осылайша, көші-қоңының теріс сальдосы сақталуда – минус 41 819 адам, яғни Қазақстаннан кеткендердің саны елге келгендер санынан 28 468 адамға артық.

Ел ішінде қоныс аударушы мигранттардың саны 23,7%-ға ұлғайып, 1 млн 13 мың адамға жеткен. Аймақаралық қоныс аударудың оң сальдосы еліміздің төрт өңірінде орын алған: Маңғыстау облысы (1 060 адам) мен Нұр-Сұлтан (32 011 адам) Алматы (36 858 адам) және Шымкент (2 545 адам) қалаларында.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер