1 view

Жаңа жылдан ломбардтар микроқаржы ұйымы болады

Ішкі істер министрлігі ломбардтар қызметін ұйымдастырудағы өзгерістерді түсіндірді

Фото: Shutterstock.com

2020 жылғы 1-қаңтардан ломбардтар микроқаржы ұйымы болып саналады. Ломбардтар қызметін ұйымдастыру ережелері ұрланған мүлікті сатып алуға қарсы күрес мақсатында күшейтіліп отыр.

Ішкі істер министрлігі бұл шараның қажеттілігін ұрылар қолына түскен заттың барлығын – зергерлік бұйымдарды, ішіктерді, және түрлі аппаратураны - алып кететін пәтер ұрлығының өсуімен түсіндіріп отыр. Кейін олар мұның барлығын оп-оңай ломбардтарға өткізіп жібереді. 

Осындай теріс тәжірибені жою үшін Ішкі істер министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп, ломбардтар қызметін ұйымдастыру ережелерінің жобасын дайындады және бекітті. 

«Енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылғы 1-қаңтардан ломбардтық ұйымдар микроқаржы ұйымдарына жататын болады. Ережелерге сәйкес, ломбардтар несие бюросына бүкіл кепілдік мүлік туралы мәліметтерді өткізуге міндетті, ал полиция бөлімшелері осы бюроның мәліметтер қорына кіріп, кепілзаттарды ұрланған мүлікпен салыстырып отырады», - деді Ішкі істер министрлігіндегі брифингте ҚР ІшкіІсМині криминалдық полициясы департаменті басқармасының басшысы Нұржан Рахметуллаев.

Осымен бір мезетте ведомство пәтер ұрлығын қайта жасағандардың жауапкершілігін күшейтеп отыр. Атап айтқанда, олар ауыр қылмыстардың санатына жатқызылғандықтан, мұндай қылмыстар бойынша жапа шегушілермен татуласу деген жоқ. Осының нәтижесінде, түптеп келгенде, мұндай ұрлыққа барғандар жазадан құтыла алмайды. Мәселен, жылдың басынан бері 6 733 қылмыскердің 4 120-сы пәтер ұрылығын қайта жасағаны үшін құрықталғандар. Олар қазір бас бостандығынан айыру мекемелерінде жазасын өтеп жатыр.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер