Тоқаев шағын кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жариялады

Ол 2020 жылғы 1-қаңтардан күшіне енеді

Фото: РИА Новости / Сергей Мамонтов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда сайты. 

Қаулыда былай делінген: 

«1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтатсын, оған мыналар қосылмайды:

1) халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке ықтимал түрде жаппай қатер, конституциялық құрылысқа және ұлттық қауіпсіздікке тура немесе тікелей қатер төндіретін бұзушылықтарды болдырмауға немесе жоюға бағытталған, сондай-ақ «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін тексерулер;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында, белгіленген талаптарды бұзу фактілерінің туындау себептерін анықтау үшін, бақылау мен қадағалаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты нақты факті бойынша бір жоспардан тыс тексеру жеткіліксіз және осы нақты фактіге байланысты өзге де субъектілерге қатысты бақылау мен қадағалау талап етілетін жағдайларда осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес тексерулер;

3) өз қызметіне қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштері негізінде, оның ішінде «Рұқсаттар және  хабарламалар туралы» 2014 жылғы

16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат алуға арналған өтініш бойынша тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу;

4) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының                  Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тексерулер;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша прокуратура органдарының тексерулері;

6) кедендік тексерулер;

7) қарсы салықтық тексерулер;

8) салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау, салық органдарында тіркеу есебіне қою, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімдерді орындау мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексерулер;

9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау мақсатындағы профилактикалық қадағалауды барып жүргізу;

10) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу;

11) жер қойнауын пайдаланушылар.

2. Осы Жарлықтың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген тексерулер орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының шешімі негізінде жүргізіледі деп белгіленсін.

3. Осы Жарлық шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін 2019 жылы басталған тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге қолданылмайды.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар кабылдасын.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі». 
 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Қазақстан қай елден қандай гуманитарлық көмек алды?

2020 жылы Қазақстанның өзі құны 2,5 млн доллар болатын арнайы жүк жіберген

Фото: Офелия Жакаева

Мемлекеттік кірістер комитетінің гуманитарлық көмек ретінде жеткізілген жүк туралы мәліметінен Қазақстанның жарты жыл ішінде өзге елдерден құны 250,9 мың доллар  0,41 тонна дәрі-дәрмек алғанын байқауға болады. Салыстырар болсақ, 2019 жылы жалпы құны  $3,9 млн болатын 1,3 тонна дәрі жеткізілген. 

Сонымен қатар, кеден статистикасының «Киім-кешек және аяқ киім» бөлігінде көрсетілген гуманитарлық көмектік құны қатты өскен. Былтыр келген тауардың құны  $653 мың болса, биыл 6 айдың ішінде еліміз 2,9 млн доллар  тұратын киім-кешекті гуманитарлық көмек ретінде алып үлгерген. Ал салмақ бойынша салыстырсақ, биыл келген жүктің салмағы төмен. (биыл – 84 тонна, былтыр – 239 тонна). 

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер департаменті «Киім-кешек және аяқ қиім» бөлігіне биыл коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлердің арнайы киімі кіргенін айтады. Қорғаныш киім тиелген ең үлкен гуманитарлық көмекті Қазақстанға Катар елі жіберген. Олар жалпы құны 1,6 млн доллар болатын 35 мыңнан аса арнайы қорғаныш киімдерін берген. 

Жалпы, осы жарты жылда  Қазақстанға жіберілген гуманитарлық көмек көлемі бойынша да Катар көш бастап тұр ($1 млн 719 мың). Ал екінші орында – Қытай ($838,5 мың), үшінші орында  Германия ($732 мың) келеді.

2020 жылдың алты айында республикаға құны 4,013 млн доллар гуманитарлық көмек келген. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2019 жылдың жалпы көрсеткіші $9,873 млн құрайды. Былтыр Қазақстанға гуманитарлық көмек жібергендердің көш басында Германия болған, бұл ел $8,2 млн тұратын көмекті тегін жіберген. 

Қазақстан кімге көмек беріп жатыр?

Қазақстанның өзі биыл екі елге гуманитарлық көмек жіберген екен. Жалпы құны – $2,5 млн. Соның басым бөлігін ұн түрінде Тәжікстан алған. Бұл елге 1 млн 572 мың доллардың ұны гуманитарлық көмек ретінде жіберілген. Оған қоса, Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін осы елге өкпені жасанды желдету шағын аппараттарының бір партиясын жіберуді жоспарлап қойған. Әзірге Ақмола облысында орналасқан отандық өндіруші өндіріс қарқынын арттырып болғанша, Қазақстан көршілеріне азық-түлікпен көмектесе тұрады. 

Биыл Ауғанстанға 2 мың тоннаға жуық азық-түлік: ұн, макарон өнімдері,  сүйық май мен қою сүт жіберілген. Оның жалпы құны  – $941,7  мың. Былтыр Қазақстаннан гуманитарлық көмек алғандардың арасында Ауғанстан жоқ, ал Тәжікстанға сол 5 мың тонна ұн жіберілген. Алайда ол  кезде жіберілген ұнның құны  $1 млн 269 мың болған. 

2 полоса_Гуманитарная помощь-01.jpg

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg