1 view

Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады

Президент ел тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Фото: Euronews

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз  Twitter-інде қазақстандықтарға құттықтау қалдырды

Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды. Бізге даму мен жасампаздықтың жаңа мүмкіндіктері туды. Мемлекетіміз халықаралық деңгейде мойындалып, тиімді басқару жүйесі мен қуатты экономика құрды, - деп жазды мемлекет басшысы.

Естеріңізге салсақ, бүгін қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін атап өтуде. 1991 жылғы 16-желтоқсанда еліміздің заң шығарушы органы – Жоғарғы Кеңес – Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. Қазақстан Республикасы Кеңес Одағы республикаларының арасында тәуелсіздік туралы заңды ең соңғы болып қабылдаған-ды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер