Тоқаев алматылықтарға алғыс білдірді

Жарияланды (жаңартылды )
Оның назарынан ауыл тұрғындары да тыс қалған жоқ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Bek Air авиакомпаниясы ұшағының апаты салдарынан зардап шеккендерге көмек беруге қан тапсырғандарды атап өтті.

«Қиын сәтте құтқару қызметтеріне қол ұшын беріп, көмекке келген Алматы облысындағы Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс айтамын. Олар құтқарушыларға тамақ дайындап, шәй таратты. Алматылық донорларға да алғысым шексіз. Біздің халық тағы бір рет өзінің тұтастығын және көмекке келуге дайын екенін көрсетті», – деп жазды президент Twitter-де.

Естеріңізге салсақ, Bek Air авиакомпаниясының Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсін орындаған ұшағы 27-желтоқсанда таңертеңге апатқа ұшыраған болатын-ды.

Сондай-ақ оқыңыз