Шымкентте шенді әйелге үш миллион теңге айыппұл салынды

Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызмет лауазымдарында болу құқығынан айырылды

Фото: Shutterstock.com

Шымкентте сот үкімімен қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Базарова Ж.Д. алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған үш миллион теңге сомасындағы айыппұл саплынып, ол өмір бойы мемлекеттік қызмет лауазымдарында болу құқығынан айырылды. Бұл турасында Сыбайлас жемқоролыққа қарсы іс-қимыл қызметі хабарлайды.


Бұдан бұрын тергеу аяқталып, шенді әйел сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті болған-ды. 

Атап айтарлығы, Базарова қала мектептерінің біріндегі оқу ісінің меңгерушісіне директор лауазымына тағайындалу үшін тест тапсыруда көрсеткен көмегі үшін алдау және сенімге кіру жолымен 400 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты иемденген деген күдікке ілінген болатын-ды. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif