Өзбек шенділерін басқарудың «парасатты» принициптеріне оқытады

Жарияланды
Желтоқсанда елде мемлекеттік аппараттың тиімділігін бағалайтын пилоттық жоба бастау алған-ды

Өзбекстан мемлекеттік басқаруға кезең-кезеңмен озық менеджмент пен «парасатты» принциптерді енгізеді.    Бұл турасында ӨР үкіметінің күні кеше қабылданған қаулысында айтылған.

.  
Мемлекеттік басқарудың жаңа жүйелерін енгізу кезінде Оңтүстік Кореяның, Біріккен араб әмірліктерінің және РФ-ның озық әдістемелері қолданылатын болады. Жақын уақытта қашықтықтан оқыту бағдарламаларының негізінде шенеуніктерді дайындау, қайта дайындау және олардың біліктілігін көтерудің жүйесі ұйымдастарылады. Сонымен қатар, басқарушылар стратегиялық менеджмент, қауіп-қатерлер менеджменті мен «парасатты» басқару принциптеріне оқыту жөніндегі курстардан өтетін болады. Оқу процесін ұйымдастырумен Өзбекстан Республикасы президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы айналысатын болады. 

2019 жылғы 1-желтоқсаннан Ташкент облысында басқарушы кадрлар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру басталып кетті. 2020 жылғы 1-тамызға дейін тәжірибелік негізде Бүкі ауданы мен Ангрен қаласы шенділерінің жұмысы зерттелетін болады. Эксперимент нәтижелері бүкіл елдегі басқарушы кадрлар жұмысын бағалау жүйесінің негізін құрайтын болады. 

Сондай-ақ оқыңыз