1 view

Әкесі алимент төлемесе, оны ата-әжесінен өндіріп алуы мүмкін

Заң жобасына осындай өзгеріс енгізілсе, ата-әжесінің дүние-мүлкі алимент қарызын жабуға жұмсалады

Фото: Аскар Ахметуллин

Әділет министрлігі баланың әкесі алимент төлемей жүрсе, оны ата-әжесінен өндіріп алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Әділет министрі Марат Бекетаев айтып өтті. 

Министрдің сөзіне сүйенсек, бұндай тәжірибе Италияда қолданылады екен. Ол жақта бұрынғы күйеуі алимент төлемей қашып жүрсе, сот бұл қарызды оның ата-анасының мойнына жүктейді. 

«Мұндай кезде сот «ата-анасы осындай жауапсыз ұл тәрбиелеген екен, оның орнына өздері төлеуі керек. Оның үстіне, бөтен адам емес, өз немерелері. Олар өз немерелерін бағып-қағуы керек» деген шешім шығарады», – деп түсіндірді Бекетаев. 

Дегенмен бұл әлі ұсыныс қана, заңға өзгеріс енгізбес бұрын, ол қоғам талқысына ұсынылады. 

«Жаңа заңға өзгеріс енгізуге үлгеру үшін, осы тақырыпты белсенді түрде талқылау керек. Мен заңға мұндай өзгеріс енгізуді қолдаймын, ол Қазақстан үшін оң нәтиже береді»,– деп түсіндірді Бекетаев. 

Ол әлеуметтік әділеттілік туралы да сауалға жауап берді. 

«Зейнеткер ата-анасының дүниесі, өз пәтері, көлігі болуы мүмкін. Егер олардың немерелері киім-кешекке жарымай, мектепке бара алмай жатса,бұл осы қарызды жабуға пайдалануға болатын мүлік», – деді Әділет министрі. 

Айта кетейік, сөз болып отырған заң жобасы – «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жоба. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер