Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс шегінің жаңа өлшемі аталды

Қарашада ол 29 400 теңгеге тең болды

Фото: Shutterstock

2019 жылғы қарашада Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс мөлшері 29 400 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР статистика комитетіне сілтеме жасаған Интерфакс-Казахстан.


Қазан айында бұл көрсеткіш 32 176 теңгені құраған-ды. Сөйтіп, өткен бір айда ең төменгі күнкөріс мөлшері 8,6%-ға азайса, 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, 11,2%-ға артқан.

Статистиктердің деректері бойынша, ең төменгі күнкөріс шегі мөлшеріндегі азық-түлік тауарларының үлесі 16 170 теңгені құраса, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызметтер – 13 230 теңгеге тең болған.

Статистика комитетінің хабарламасына сәйкес, өткен айдағы еңтөменгі күнкөріс мөлшері 13 жасқа дейінгі балалар үшін 23 561 теңгені құраса, 14-17 жастағы жасөспірімдер - 37 222 теңгені, осы жастағы бойжеткендер үшін – 28 522 тенгені, еңбекке жарамды ерлер үшін – 34 946 теңгені, әйелдер үшін – 27 751 теңгені, зейнеткерлер мен егде адамдар үшін – 27 586 теңгені құраған.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif