1 view

Қазақстанда мереке күндерінде қосымша поездар жолға шығады

Жолаушылар қозғалыс кестесі туралы ақпаратты өздері анықтап отыруы тиіс

Фото: Shutterstock.com

Қазақстанда Тәуелсіздік күні және Жаңа жылда жолға қосымша поездар жолға шығады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамы» хабарлайды.

Поездар келесі бағыттар бойынша сапар шегеді:

•    №6803/6804 «Нұр-Сұлтан-Атбасар» - 2019 жылғы 17- және 31-желтоқсан мен 2020 жылғы7-қаңтар күні;
•    №7502/7501 «Нұр-Сұлтан-Павлодар» - 14- және 28-желтоқсанда, 2020 жылғы 4-қаңтарда;
•    №7510/7509 «Нұр-Сұлтан-Павлодар» - 2019 жылғы 13-, 15-, 17-, 30- және 31-желтоқсанда, 2020 жылғы 3-, 4-, 7-қаңтарда. 

«Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамы» жолаушылардан поездар қозғалысы туралы ақпаратты Бірыңғай анықтама қызметінің 105 (стационарлық телефоннан хабарласу тегін) телефоны арқылы біліп отыруды өтінеді», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, №301/302 «Алматы-Новосибирск» бағытындағы жолаушылар поезы бір рет рейске шығады: 2020 жылғы 2-қаңтарда Алматыдан, ал 2020 жылғы 4-қаңтарда Новосибирскіден кері қарай жолға шығады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, мереке күндерінде Ұлттық тасымалдаушы төрт бағыт бойынша («Алматы-2-Шымкент», «Алматы-2-Түркістан», «Маңғыстау-Бейнеу», «Нұр-Сұлтан-Шу») қосымша поездар шығарады.

Естеріңізге салсақ, «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамының ресми өкілі Диас Ахметшәріп бұдан бұрын Тверьден жаңа жаңа вагондардың алынғанына қарамастан, 1980-,1990- және 2000-жылдардағы вагондар техникаляқ қараудан өткеннен кейін адамдарды тасымалдауды жалғастыратыны туралы айтып берген-ді


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер