1 view

Қазақстанда мемлекеттік кәсіпорындардың 100-ге жуық қызметі қысқартылады

Олардың қатары 30 пайызға азаяды

Фото: Аскар Ахметуллин

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік секторды оңтайландыру туралы айтып өтті. 

«Квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттыру мен одан әрі оңтайландыруды жалғастыру керек. Квазимемлекеттік сектордағы әлеуметтік маңызды кәсіпорындардың директорлар кеңесі құрамына азаматтық қоғам өкілдерін кіргізу идеясын қолдаймын. Кеңес мүшелерімен талқылау нәтижесі бойынша, бұл жұмысқа қоғам белсенділерінің қатысуына байланысты шешім дайындалды»,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент үкіметке кандидаттарды таңдау жұмысын 2020 жылғы 1- наурызға дейін жүрзігіп, қол қоюға дайындауды тапсырды. 

«Одан бөлек, Жолдау аясында квазимемлекеттік сектордағы кәсіпорындар санын, олардағы штат санын қысқарту жөнінде берілген тапсырмаға қосымша,  қазір жұмыс істеп тұрған мемлекеттік кәсіпорындардың бәсеке нарығына қатысын төмендету бойынша жұмыс қолға алыну керек. Яғни, мемлекеттік кәсіпорындарың қарарында белгіленген қызмет қатарын қысқарту арқылы жүзеге асырылуы шарт»,– деді президент. 

Осы орайда үкімет мемлекеттік кәсіпорындарғы 100-ге тарта қызмет түрін, яғни 30 пайызға қысқартуды ұсынып отыр. 

«Сонымен қатар, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру, яғни тізімді одан әрі қысқарту керек деп санаймын. Әсіресе, бәсекелестік орта дамыған ірі қалаларда. Үкімет осы мәселе бойынша ұсынысын 2020 жылғы 1-сәуірге дейін дайындауы қажет», –деп түйіндеді Тоқаев.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер