1 view

Қазақстанда бала асырап алу жөніндегі Ұлттық агенттік құрылады

Ол бала асырап алуға ниет білдірген үміткерлерге кеңес береді және психологиялық көмек көрсетеді

Фото: Shutterstock

Сенаторлар пленарлық отырыс барысында қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және тұлғаның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері жөніндегі заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kursiv.kz тілшісі.

Құжат елімізде бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттікті құруды қарастырады.

«Қазіргі таңда Қазақстанда бала асырап алу бойынша көмек көрсететін 20-ға жуық шетелдік агенттіктер жұмыс істеуде, солай десек те, қолданыстағы заңнамада өзіміздің  қазақстандық агенттіктердің жұмыс істеуі қарастырылмаған. Ал шетелдік агенттіктердің қызметі, негізінен, асырап алынатын біздің балаларды кейін шетелдерге жіберу үшін іздеуге бағытталған. Бүгін біз осы заң жобасында бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік құруды қарастырдық», – деді бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.

Мұндай қажеттілікті бас прокуратурадағылар кәмелетке толмағандардың осы саладағы құқықтарын қорғау қажеттілігімен түсіндіреді. 

Ахметжановтың айтуынша, мұндай агенттік бала асырап алуға ниет білдірген үміткерлерге кеңес береді, психологиялық көмек көрсетеді, оларды оқытады, сондай-ақ оларды асырап алушы баламен психологиялық үйлесімділік тестісін өткізеді. Мұндай жұмыс болашақта баладан бас тарту мүмкіндігін азайтуға бағытталады.

Ал баланы асырап алу жөніндегі ұйғарымды соттың шешіміне сәйкес қорғаншы және қамқоршы орган қабылдайды. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер