Қазақстан президенті жастарға арналған кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырды

Жарияланды
Оның айтуынша, жастардың 20 пайызы үйде отыр

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды қолдауға бағытталған іс-шаралардың басын біріктіріп, кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырды деп хабарлайды Kursiv.kz тілшісі. 

«Елімізде, өкінішке қарай, не оқымайтын, не жұмыс істемейтын жастарды қатары көбейіп келеді. Тіпті, жұмыс істегілері де келмейді. Әлеуметтанушылардың дерегі бойынша, жастардың 20 пайызы мектеп бітіргеннен кейін үйде отыруға мәжбүр. Сонымен қатар, жастардың төрттен үш бөлігі қоғамдық өмірге мүлдем араласпайды және жастарды қолдау бағдарламалары туралы естімеген. Ал аймақтардағы жастардың ресурстық орталықтары туралы жастардың төрттен бір бөлігі ғана біледі, соның ішінде, 5 пайызы ғана сол орталықтарға келіп көрген»,– деді Тоқаев. 

Оның айтуынша, бірегей бағдарлама бүкіл жастарды қамтып, өскелең ұрпақтың қордалаған мәселелерін шешуге бағытталады. 

«Ең бастысы – оның механизмдері қарапайым және жастар үшін түсінікті болуы шарт. Әрбір жас Қазақстанда кәсіби және тұлғалық даму, жұмысқа орналасу және баспана алудың қандай жолдары бар екенін білуі керек. Бәріне түсінікті және ыңғайлы тетіктерін ұсынған жөн»,– деді Президент. 

Осы орайда, мемлекет басшысы жастар ұйымдарының жұмысын күшейтіп, олар, ең алдымен, бос жүрген жастармен жұмыс істеуі қажеттігіне мән беріп өтті. 

Сондай-ақ оқыңыз